Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің белгіленгеніне биыл 20 жыл болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің белгіленгеніне биыл 20 жыл болды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің белгіленгеніне биыл 20 жыл болды

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін - мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі шындық. Өйткені, әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Ал сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігі сөзсіз.

  • 31 Мамыр 2017
  • 1012
Фото - Caravan.kz

1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамыр Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді. Осыған орай ҚазАқпарат аталған күнді бекітуге қатысты тарихи құжаттарға назар аударыпты. Солардың ең бастысы — 1996 жылдың 30 желтоқсанындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылды Жалпұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы Жарлығы. Аталған тарихи құжат республика азаматтарының, қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының көптеген өтініштерін ескере келе, жалпыұлттық татулықты, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында қабылданған.

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні  

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Келесі құжат — 1997 жылдың 5 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы Жарлығы. Онда 1997 жылдың Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялануына байланысты республика азаматтары мен қоғамдық бірлестіктердің тілектерін ескере отырып  әрі саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру мақсатында 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленетіндігі айтылған. Сонымен қатар құжатта ҚР Үкіметіне жыл  сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар әзірлеп, оларды 31 мамырда өткізу тапсырылған.   

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Айта кетерлігі, дәл осы күні елімізде 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алу күні де аталып өтіледі. Ағымдағы жылы Алматы қаласында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылмақ. Жалпы, мұндай ескерткіш осыдан 5 жыл бұрын елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ресми ашылған болатын. Бұл оқиғаға сол күндері Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің делегаттары, көрнекті жұртшылық өкілдері куә болған еді. «Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмады. Оның ішінде Қазақстаннан ең кемі 1,5 миллион адам аштықтан ажал құшты. Біз алапат ашаршылық құрбандарының рухына тағзым ету үшін жиналып, «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» ашып отырмыз», — деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.  

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Соңғы жаңалықтар