SCAT жолаушысы төтенше жағдайдың қалай болғанын баяндап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
SCAT жолаушысы төтенше жағдайдың қалай болғанын баяндап берді

SCAT жолаушысы төтенше жағдайдың қалай болғанын баяндап берді

Таңғы уақытта Астанадан – Алматыға қарай бет алған әуе кемесі көтерілген кезде ақау пайда болған. Жолаушыларға бірден оттегі маскалары ұсынылған.

Ұшақ жерге қонғаны сол екен болған жағдай жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті. Жолаушылар ұшақ ішіндегі шуды телефон камерасына түсіріп алған. Онда жолаушылардың үрейленген  дауыстары, стюардессаның оларға маска

  • 9 Тамыз 2017
  • 303
Фото - Caravan.kz

Ұшақ жерге қонғаны сол екен болған жағдай жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті. Жолаушылар ұшақ ішіндегі шуды телефон камерасына түсіріп алған. Онда жолаушылардың үрейленген  дауыстары, стюардессаның оларға маскаларды қалай дұрыс кию керектігін үйретіп жүргендерін байқауға болады.

Ұшақ жерге қонған сәт түсірілген видеодан адамдардың қорқыныштан әзіл әңгіме айтып жатқандарын байқауға болады. Олардың бірі: «Бірден есіме немерелерім түсті. Олар осы Астанада тұрады. Көз алдыма барлығының түрі келді»,-дейді. Оған жауап қатқан кісі «Екінші мәрте туғанымыз құтты болсын. Мен де немерелерім жайлы ойладым. Бірақ мен әлі немере көріп үлгерген жоқпын» дейді.

Апатты жағдайда қонған  DV 704  ұшағында болған кәсіпкер  Нұркен Мұсабаев оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

«Біз ұшаққа отырып, көтерілген кезде барлығы да жақсы болған. Тек 30 минут жол жүргеннен кейін жоғарыдағы ауа маскалары түсті.

Сол кезде әуе кемесінің командиры келеңсіз жағдайға тап болғанымызды айтты. Астана әуежайына қайтып жатқанымызды жеткізді. Бірақ Астанаға ұзақ жүріп бардық. Біз 9:10-дар шамасында кері қайтатынымызды білдік, 10:20-шамасында барған шығармыз»,-дейді жолаушы.

Ал маскалар түсіп стюардессалар жүгіріп кеткен кезде  жолаушылардың барлығы шошып кеткен.


«Әдеттегідей барлығымыз үрейленіп қалдық. Біреу жылап жатыр, біреу Құдайға сиынып, тағы бірі шоқынып дегендей түрлі әрекеттер жасалды. Балалар жылап жатты. Ұшақ бір қалыпты ұша жөнелген кезде  ғана  ішіндегі шу аздап  басылды»,-дейді  кәсіпкер  Нұркен Мұсабаев.

Кәсіпкердің сөзінше Астана әуежайына оралғаннан кейін қорқынышы басылған.  Өзімен бірге ұшып апатты жағдайдан кейін Астанаға оралған  отызға жуық адам әуе компаниясының қызметін пайдаланып, қайтадан ұшудан бас тартыпты. Кей азаматтар ұшу ақысын қайтаруды талап етіп, ұрыс шығарған көрінеді.

«Мен әрине басқа ұшаққа отырудан бас тартқан жоқпын. Бар ойым « Алматыға қашан жетеді екенмін» деп тұрдым. Он минутқа созылған түсініксіз жағдайдың кезінде барлық жолаушылар шулап кетті. Астанаға оралғанымыз сол екен барлығы не сезінгендерін  ашық айтып,  екінші мәрте туған күндерін тойлай бастады.

Мен алдағы уақытта да осы компанияның қызметін пайдалануға қорықпаймын. Адамның өмірі Алланың қолында. Адамдар көлік соқтығысында да өліп кететін жағдайлар болады. Немесе ж олда басыңызға кірпіш түсіп дегендей. Сондықтан мен тәжірибе жинадым деп айта аламын. Келесі жолы келеңсіз жағдай туындап қалса, даурықпастан әрекет ететін шығармын»,-дейді кәсіпкер.

Соңғы жаңалықтар