Семейдің жаңа автобустарында тегін Wi-Fi болады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің жаңа автобустарында тегін Wi-Fi болады

Семейдің жаңа автобустарында тегін Wi-Fi болады

Семейде тегін Wi-Fi бар жаңа автобустар жүреді.

Бұл туралы

Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Семейдегі қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсартуға «BusReport» бағдарламасының көмегі зор болды. Енді қалалықтар барлық бағыттағы қоғамдық көліктердің қозғалысын «InfoBus» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады. Бүгінде GPS-мониторингі бар интерактивті картаны 43 мыңнан аса семейлік қолдануда.

«BusReport» бағдарламасы тасымалдаушылар тарапынан бірқатар олқылықтарды анықтағанын да айта өткен жөн. Мәселен, былтыр №5, 8, 10, 22, 24, 37, 43 және 45 бойынша 8 бағытта қызмет көрсеткен «Семавтопарк» ЖШС-мен сот арқылы келісімшарт бұзылды. Қазір бұл бағдарлар байқау өткенге дейін «Мусапиров» ЖК және «Таксомоторный парк» ЖШС еншісіне өтті.

«Биылдан бастап облыс әкімінің тапсырмасымен автобус парктерін жаңарту мақсатында байқаулардың талаптары түбегейлі өзгертілді. Сең сөгілгенін айта өтейік. Алдағы өтетін байқау қарсаңында тасымалдаушы кәсіпорындар жылжымалы құрамдарын жаңарта бастады. Мысалы, «Мусапиров» ЖК қала бойынша № 5,8,22 бағытында қызмет көрсететін орта санаттағы 20 жайлы автобусы бар паркті жаңалады. Оның үстіне орта санаттағы тағы 50 автобус алуды жоспарлап отыр», — дейді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.

Жақында Семейде электронды билет мәселесі шешімін таппақ. Сонымен қатар, қаланың қоғамдық көліктерінде Wi-Fi интернет желісі де орнатылмақ.


Ал Өскеменде жолаушы тасымалдаушыларының мәселесі ушығып тұр. Облыс басшысы Даниал Ахметов кәсіпкерлермен кездесіп, орын алған олқылықтарды заң шеңберінде шешуге көмектесетінін жеткізді. Десе де, автобус паркін жаңарту талабы күн тәртібінен түспек емес.

«Автобустарды жаңарту ісіне ұқыптылықпен қарап, мықтап қолға алуды тапсырамын. Семейде жаңа қоғамдық көліктер сатып алынып жатыр. Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев пен тасымалдаушыларға жол картасын әзірлеуге 10 күн уақыт беремін», — деді тасымалдаушылармен кездескен Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қысында қалалық қоғамдық көлік жолақысы 90 теңгеге көтерілген. Ол кездегі кәсіпкерлер уәжі мен уәдесі тасымалдау жағдайын жақсарату еді.

 

 
#жаңа #Семей
Соңғы жаңалықтар