Сергей Киселев өз телеарнасын сынаушыларды желідегі өтірік аккаунттар деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сергей Киселев өз телеарнасын сынаушыларды желідегі өтірік аккаунттар деп есептейді

Сергей Киселев өз телеарнасын сынаушыларды желідегі өтірік аккаунттар деп есептейді

"Еуразия" бірінші арнасының" бас директоры Сергей Киселев өздері туралы "бұлар Кремльді насихаттайды" деген сынға күле қарайды екен. Өйткені ол мұны өтірік сөз деп санайды. "Жұрттың мұнысы сыннан гөрі табалауға көбірек ұқсайды" дейді Киселев мырза.

  • 27 Қаңтар 2017
  • 697
Фото - Caravan.kz

Ол "КАРАВАН" газетіне берген сұхбатында тілішінің әлеуметтік желіде "Еуразия" арнасын сынаушылардың көбейгеніне қатысты сұрағына жауап бере отырып, осылай деп айтқан.  

"Бізді жерге қатысты митингілердің әдейі ұйымдастырылып жатқанын бірінші болып айтқанымыз үшін де сынады ғой. Әрине, бұл ақпарат жұртты дүрліктіріп жіберді. Иә, бұл жағымды жаңалық емес-тін. Бұған ешкімнің сенгісі келмеді. Бірақ кейін осы ақпаратты ресми дерек көздері растады" дейді Сергей Киселев.

"Еуразияның" басшысы ғаламтор арқылы осы арнаны жабуды талап етіп жатқандардың басым көпшілігі әлеуметтік желіде өтірік аккаунтпен отырғандар деп санайды. "IP-ге, интернет-мекенжайға қарасаңыз, олар Украина мен Ресейден. Бұл кімге керек, кімге тиімді, оны білмеймін, білгім де келмейді" депті Киселев.


Соңғы жаңалықтар