Шекарада 50 мың долларынан айырылған қытайлық қазақ әйелге қатысты сот болып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарада 50 мың долларынан айырылған қытайлық қазақ әйелге қатысты сот болып жатыр

Шекарада 50 мың долларынан айырылған қытайлық қазақ әйелге қатысты сот болып жатыр

Осы айдың басында атамекеніне біржола оралу үшін келе жатқан қытайлық қазақ Гүлжан Мәуітханның шекарада мол қаржысынан айырылып қалғаны туралы ақпарат тараған еді. Оның ақшасын кеденшілер заңсыз жолмен алып өтпек болды деп тәркілеген.

  • 31 Наурыз 2017
  • 6672
Фото - Caravan.kz

Енді Шығыс Қазақстандағы Зайсан аудандық сотында осы әйелге қатысты іс қарала бастады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Ал Гүлжан Мәуітханның адвокаттары оны кеденшілердің алдап соққанын айтуда. Бірақ қоғамдық қорғаушы Айсұлу Әбдіғаппар Қытайдан келген қандасымыздың мұны дәлелдей алмай отырғанын жеткізді.

Қазір өте қиын жағдайда қалған Гүлжан апа Астанада бұрын көшіп келген ұлы – Әділбектің жалдап отырған пәтерінде тұрады екен. Ол шекарада қандай жағдай болғанын Айсұлу Әбдіғаппарға айтып берген. Мұны қоғамдық қорғаушы видеоға түсіріп алып, Фейсбуктегі парақшасына жариялады.

«Мен Қытайда 55 жыл өмір сүріп, енді ұрпағым үшін атамекенге көшіп келуді ойлап, екінші айдың сегізі күні шекараға келген болатынмын. Бауырларыммен бірге үш отбасы келдік. Қытайдағы осы үш отбасы тұрған баспанамызды 60 мың долларға саттық. Барлығымыз жеті адамбыз. Әлгі ақшаны шекарадан өткізу үшін біразына 10 мың доллардан бөліп беріп қойдым. Екі елдің де кеденінен өтіп, жүргелі тұрған автобуысымызға мінген кезде кеденшілер сау етіп келді. Сөйтіп, таңертеңгі сағат 10 жарымнан кешкі 8-9-ға дейін ұстап отырып, тексерді» дейді Г.Мәуітхан бейнежазбада.

Оның ұлы Астанаға екі жыл бұрын көшіп келген екен. Қазір такси болып күнелтіп жүр. Сол баласы анасын Қазақстанға көшіп келуге көндірген. Тіпті Астанадан 60 мың долларға пәтер алуға келісіп те қойған.

Ал Айсұлу Әбдіғаппар шекарада болған жайтты нағыз алаяқтық деп есептейді.

Айсұлу ӘбдіғаппарАйсұлу Әбдіғаппар. Фото Фейсбуктегі парақшасынан

«Бұл қасақана ұйымдастырылып отыр. Өйткені ақша алып өтіп жатқаны туралы жетісі күні ақпарат келген депті. Ұстағаннан кейін «50 мың теңге айыппұл төлейсіздер де, ақшаларыңызды алып кетесіздер. Қайтармас бұрын акт толтыруым керек» дейді. Бірақ аяғында басқаша болып шыққан. Бұларды жеке-жеке бар киімін шешіндіріп тексерген ғой. Сол кезде басқаларға «Бұл ақша менікі емес. Бәрі Гүлжан апаныкі. Бізге шекарадан алып өтіп беріңдерші деп айтты. Сондықтан алып өтіп жатырмыз» деп айтыңдар» деген. Тіпті қорқытқан. Сөйтіп, әрқайсысына хаттама толтырған. Ал бұл кісілер төте жазу мен қытай жазуын ғана біледі. Кириллицаны оқи алмайды. Осыны пайдаланып, алдап соққан. Яғни қытайлық қандастарымыз хаттамаға оқымай қол қойыпты. Ал аналар ақшаны қазір қайтарып береміз деп алады. Бірақ кейін 10-ақ мың долларын қайтарады. «Сіз бір өзіңіз 50 мың доллар алып өтпек болдыңыз, бұл контрабанда» деп алып қалып, қайтарып жібереді» дейді А.Әбдіғаппар.

Осылайша Қытайдан елім деп келген үш қазақ отбасы өз атамекенінде тентіреп қалды.


«Бүкіл ақшасынан айырылды. Қазір ауырып отыр (Гүлжан апаны айтады – ред.). Бірақ біздегі ауруханаларға апару мүмкін болмай тұр. Өйткені Қазақстан азаматы емес қой. Бұл – өзіміздің қазақтарды көзді бақырайтып қойып тонау» дейді қоғамдық қорғаушы ашына сөйлеп.  

Nai-post ni Ася Асеткина noong Miyerkules, Marso 29, 2017

Соңғы жаңалықтар