ШҚО-да құлаған тікұшақ Қайрат Тұрлыхановтың әйеліне тиесілі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да құлаған тікұшақ Қайрат Тұрлыхановтың әйеліне тиесілі

ШҚО-да құлаған тікұшақ Қайрат Тұрлыхановтың әйеліне тиесілі

[wpcode id="1694287"] Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған жолаушылар тікұшағы Семейдің бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі -

  • 27 Ақпан 2017
  • 499
Фото - Caravan.kz


Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған жолаушылар тікұшағы Семейдің бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі — Ғафура Тұрлыхановаға тиесілі болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Стрекоза 7-Gazelle SA341" тікұшағының зауыттан шыққан нөмірі — ЕЭВС.02.0325. 2009 жылдың 27 тамызында құрастырылған. Борт нөмірі — UP-LA246, ұшу салмағы: 1800. 2016 жылдың 22 желтоқсанында тікұшақ 1087 нөмірімен Қазақстанда тіркелді. Ұшу жарамдылығының мерзімсіз сертификаты 2016 жылдың 23 желтоқсанында берілді. Жалпы мақсатта пайдалануға рұқсат етілген. Тікұшақ Тұрлыханова Ғафура Мұхатбекқызына тиесілі. Ол Семейдің әкімі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының және ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, осы министрліктің көлік бақылау комитетінің төрағасы болған. Ашық ақпарат көздерінде соңғы жұмыс орны ретінде "Вокзал-Сервис" АҚ президенті деп көрсетілген. Алайда "Қазақстан Темiр Жолы" АҚ-дағы қайта құруға байланысты компания жабылып қалған еді. Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған.
 

Соңғы жаңалықтар