Шығыс Қазақстанда болған жойқын дауылға не себеп? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда болған жойқын дауылға не себеп?

Шығыс Қазақстанда болған жойқын дауылға не себеп?

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында кеше болған жойқын дауылдың себебін айтты. Олардың ойынша, бұл ауа температурасындағы қарама-қайшылықтың көбеюіне, ондағы ағымның тігінен қатты қозғалуына байланысты болып тұр.

  • 18 Шiлде 2017
  • 35920
Фото - Caravan.kz

Осыдан кейін будақ-будақ бұлттар пайда болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидормет» мамандарына сілтеме жасап.

Маман еместер де әлеуметтік желіде өз болжамдарын айтып жатыр. Мысалы, белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек бұл Құдайдың қаһарынан болған депті.

«ШҚО-ның кейбір елді мекендерінде қою бұлт ерекше төмендеп, күннің көзі бүркеліп, аяқ астынан қараңғылық орнаған…
Қараңғыны жарыққа, жарықты түнекке айналдыратын — Алла Ұлық!
Жүректер қатайған кезде, табиғат қытымырлана береді, көкіректер қарайған кезде, көк аспанның түнеруі – күтілетін құбылыс…
Яғни жер бетінде Алла "орынбасар" қылып жаратқан адамзат баласының күнәсі мен тарылған пиғылы, басқа жаратылыстың бәріне кесірін тигізіп, көлеңкесін түсіреді екен!
Алла баршамыздың қателік, күнәларымызды кешіріп, екі дүниенің игілігінен мақұрым қылмағай!» деп жазады Мұхамеджан Тазабек Фейсбуктегі жеке парақшасында.

Басқалар да айтқан осыған ұқсас пікір қазір желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Соған үн қосқан белгілі журналист Гүлмира Әбіқайдың ойы мынадай:


«Лента толы ақырзаман. Әсіресе, балақты-сақалдылар түгел дерлік инженер-синоптик. Кешегі ШҚО-да Қалба етегіндегі ауылдарды жайлаған қара құйынды бәрі құдайдың қаһары, адамзатқа белгі, ақырзаман ескертпесі деп есі кетуде. Өзің білмесең — өзгені шатастырма! Елді діни сауатсыздық жайлағаны сондай олар желіні ашық шабуылдауда. Бұл циклонның өзгеруі әрі экология бүлініп, климат ауысуы әсер етуде. Ұмытпасақ, екі ай бұрын екі минутта Мәскеуді орап алған қара құйын да осындай циклон.
Ал ақырзаманның Қалбада несі бар? Онда сіз бен мен сияқты қарапайым, шаруақор қазақ өмір сүріп жатыр. Ақырзаман болса алдымен Астанаға жетер буржуй мен жемқор сол жақта шоғырланған. Тыныш жатқан Қалбада несі бар?!»

Табиғат апатынан саяси астар іздеп жатқандар да бар. Мысалы, көрші елдер атом бомбасын жасырын жаруы мүмкін дегенге саятын ой айтылуда.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында жұртты шошытқан жойқын дауыл кеше түстен кейін болды.

Соңғы жаңалықтар