Жарияланды: 16 11300

Шығыс Қазақстанда зорлықшы жігіт қарындасын жүкті қылып қойды

Шығыс Қазақстанда зорлықшы жігіт қарындасын жүкті қылып қойды

Шығыс Қазақстан облысында 34 жастағы азғын өзінің немере қарындасын жүкті қылып қойды. Қуаныш Мұхтарханов 15 жастағы қызды үш мәрте зорлаған. Ал қыз одан қорыққандықтан, өзінің көрген қорлығын ешкімге айта алмапты. Сондықтан ата-анасы бұл сұмдықты оның жүктілігінің алтыншы айында бір-ақ білген.

Енді олар кәмелет жасына толмаған баланы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген азаматты екі жылға ғана бас бостандығынан айырған сот үкімімен келіспейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Биыл ғана 9-шы сыныпты бітірген Айгүлдің босануға ай-күні жақын. Ең сорақысы, құрсағындағы сәбидің әкесі, өзге емес, өзінің немере ағасы. Ол алғаш зорлық көретін күні апасының үйіне қолғабыс жасау үшін барған. Ал ағасымақ кейіп танытқан азғынның жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтіні үш ұйықтаса да баланың түсіне кірмеген.

"Сағат онның  кезі болатын. Барлығы жатып қалды. Үлкен адамдар болған соң ерте жатады ғой. Мен сабақ қарап отырғанмын" дейді Айгүл.

Осылайша, Қуаныш айғай-шуды ешкім естімейтін ас үйде арам ойын іске асырған. Артынша, қарындасына «болған жағдай туралы тіс жарсаң, жақсылық күтпе» деп сес көрсетіпті. Ал одан қорыққан қыз көрген қорлығын жақындарынан жасырып келген. Сондықтан ата- анасы да қыздарының күннен- күнге толып келе жатқанын жасөспірімдік өтпелі кезеңмен байланыстырып жүре берген. Тек 15 жастағы баласының жүкті екенін дәрігерлерден естігендерін айтып отыр.

"Баланы алғызайық десек, оның жүрек қағысы дамып қойған. Ешқандай алғызуға болмайды. Оны алсандар, өз балаларыңа қауіп төніп тұр деді дәрігер" дейді Айгүлдің анасы Райгүл Есбосынова.

Әкесі Нұржан Сіләмбаев ағасынан туған жалғыз бауырының озбырлығына әлі де сене алмайды. Тіпті ол қол жұмсауға да дәті бармай, істі сотқа берген екен. Бірақ қыздың ата-анасы судья барлығын бұрмалап жіберді дейді. Өйткені, бар жоғы екі жылға ғана бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, моральдық өтемақы ретінде 800 мың теңге төлеуді міндеттепті.

"Соттың шешіміне мен риза емеспін. Жеңілдік берді. Мысалы, біреуге қол жұмсасаңыз екі жылға кетесіз. Бізде, кәмілеттіке толмаған 14 пен 16 жастағы баламен жыныстық қатынасқа түсу деген заң бар. Мынау онымен де кетпей отыр" дейді Айгүлдің әкесі Нұржан Сіләмбаев.

Істі жабық жағдайда қараған судья жәбірленуші тарап үкіммен келіспесе, прокуратураға 15 күнің ішінде арыз түсіре алатынын айтты. Ал әділдік іздеген Айгүлдің ата-анасы құзырлы органдардың істі басынан бастап қайтадан қарауын сұрап отыр. Олар қыздарын балалық өмірмен ерте қоштастырған азғынға қатаң үкім кесілгенін қалайды.  

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 9 августа

Азғындар

Қонақ 9 августа

"зорлықшы" деген сөзді бірінші рет естіп тұрмын. Қайдан табады? зорлаған + зат есім болмайды ма екен. Малшы, қойшы, ойыншы дегенге келтірген түрлері ма екен?

Қонақ 9 августа

бул өте ауыр жагдай бул адамды өмир бойы бас бостандыгынан айру керек 2жыл деген не

Қонақ 9 августа

Онбаганды курту керек басымен жауап берсин не деген маскара келешегин баламен карангы капаска калдырдыго болашагымен

Қонақ 9 августа

Онбаган кудайдан корыкпаганба албасты отирик сумирейип сотаган аз олим жазасын беру керек баскаларга улги

Қонақ 9 августа

Не деген онбагандык азгынай оз каныго бир агайын 2жыл деген не олим жазасы и бас бостандыгынан айыру керек ко. Алде сотка пара бердиме екен жабык турде тек 2жыл беретиндей казирги заманда ешкимге сенуге болмайды. Исин кайта козгатып коймау керекко тубине жету керек ондай адамннын баска калага барып жогарыга арыз жазса мумкин кайта кара а озим солай ойлайым козин курту керек деп ондай агайыннан садага кетсин тфу деп калыктын алдына шыгарып тукиру

Қонақ 9 августа

Ужассс бул азгынга миндетти турде катан жаза беру керек айтпесем ертен бари карындасын апкесин зорлап журеберетин болады

Қонақ 9 августа

Салаңдаған жерын неге кесып тастамайды екен . Зорлағандарды қамауға емес кесу жазасын беру керек

Қонақ 9 августа

Айтарға сөз жоқ....

Қонақ 10 августа

Был деген аитараг созим жок бул олардын отбасында оте касрет бул кыздын обалына калган былаи турсын жакындарынын журегин ошпес Жара маскара созге келми олтирип бастау керек азгынды

Қонақ 12 августа

Баскаша жазалау керек

Қонақ 12 августа

Маскара азгындык

Қонақ 13 августа

Ондай адамды атып тастау керек. Ертен еки жылдан кейн шыккан сон не болады. Еки жыл аз оган ату керек

Қонақ 16 августа

Таких людей надо кастрировать,прям взять и отрезать.Чтобы бы на всю оставшуюся жизнь урок был.

Қонақ 16 августа

Сұмдық екен!Қызымның бес қызы бар,мына сұмдықтан денем түршікті.Қыздарымыздың болашағына бұндай сұмдықтан сақтасын.Ана азғынды атып тастаса.Әттең заңы осы ма

Қонақ 20 августа

нағыз педофильді жазалау керек.ағасы емес деп жатыр ғоц

[X]