Шымкентте 10 жасар бала жоғалып кеттті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 10 жасар бала жоғалып кеттті

Шымкентте 10 жасар бала жоғалып кеттті

Шымкенттік полицейлер 10 жасар Нүркен Құралбекті іздестіріп жатыр. Ол көмекші мектеп-интернатта оқыған екен. 12 қыркүйекте белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

  • 13 Қыркүйек 2017
  • 209
Фото - Caravan.kz

Нүркенді іздеп полицейлерге әкесі арызданып келген. Айтуынша, баласының жүйке жүйесі бұзылған екен. Ол баяу және түсініксіз сөйлейді. Бойы 133 см, арық денелі, қара шашты. Үстінде қара түсті спорттық костюм болған. Аяғындағы аяқ киімі де қара түсті.

Қазіргі таңда шымкенттік полицейлер шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары егер жеткіншекті көрген-білгендер болса «102» телефон номеріне хабарласуын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар