Жарияланды: 120

Шымкентте 82 миллион теңгеге адамның жүруіне ыңғайсыз тротуарлар салынған

Шымкентте 82 миллион теңгеге адамның жүруіне ыңғайсыз тротуарлар салынған

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған "ерекше" жол салынды деп жазады Otyrar.kz. Құрылысшылар тротуарды электр бағаналарының үстінен салып жіберген. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жүріп-тұруын қиындатып жіберіпті.

Әсіресе қоларба итерген аналарға, арбаға таңылған мүгедектерге аталған жолмен жүрі өте қиын, Тіпті, мүмкін емес деп айтуға да болады. Ал, жергілікті әкімдік болса жақын уақытта бағаналарды түгел алып тастаймыз деп отыр.

«Болашақ көшесіндегі тротуарларда қалып қойған су есептеуіштерінің жәшіктері мен электр бағаналары алынатын болады. "Су ресурстары маркетинг" ЖШС жәшіктерді алып тастаса, бағаналарды тротуардың шетіне жылжытып қоямыз», — деді Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ерсейіт Бұхарбаев.

Жаяу жүргіншілерге арналған "ерекше" жолды қалпына келтіру жұмыстарымен «Әлем Трансжол» ЖШС айналысатын болады. Өйткені, құны 82 миллион теңге болатын тротуарды салған осы компания.

Пікір қалдырыңыз

[X]