Шымкентте мектеп мұғалімі дәнекерлеу кезінде ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте мектеп мұғалімі дәнекерлеу кезінде ажал құшты

Шымкентте мектеп мұғалімі дәнекерлеу кезінде ажал құшты

Шымкентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепте дәнекерлеу жұмысын істеймін деп ажал құшты. Қайғылы оқиға 26 ақпан күні №4 мектепте орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жұмыс кезінде жарылыс болып, педагог ауыр жараланған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмапты.

  • 27 Ақпан 2017
  • 288
Фото - Caravan.kz

Бүгін аталған жайтты ОҚО ТЖД мамандары растады. Анықталғандай, мектептегі дәнекерлеу жұмыстары кезінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі опат болған.

"26 ақпан күні сағат 13:30 шамасында Қалдаяқов 37 мекен-жайында орналасқан Досмұхамедов атындағы №4 орта мектепте дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында 1982 жылы туған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ауыр жараланып, ауруханада көз жұмды", — делінген ОҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда ОҚО Ішкі істер департаменті осы жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 3-тармағы бойынша іс қозғады.


Соңғы жаңалықтар