Жарияланды: 136

Синоптиктердің бүгінгі ауа райына болжамы

Синоптиктердің бүгінгі ауа райына болжамы

Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман байқалып, желдің күшеюі күтіледі. Республиканың солтүстігінде үсік сақталады.

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік  Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарыныңкей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік күтіледі.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Астана қ: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел ауыспалы 5-10 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +2+4°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.                                                                                           

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]