Сиви Махмудидің Ренат Баситовтың қымбат көлігін оңдырмай бүлдіргенін жұрт арзан қойылымға теңеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сиви Махмудидің Ренат Баситовтың қымбат көлігін оңдырмай бүлдіргенін жұрт арзан қойылымға теңеді

Сиви Махмудидің Ренат Баситовтың қымбат көлігін оңдырмай бүлдіргенін жұрт арзан қойылымға теңеді

Актриса Сиви Махмудидің әнші Ренат Баситовтың қымбат Mersedes-ін гольфтің таяғымен аямай ұрып жатқанын көрсететін видео әлеуметтік желіде кеше күндіз тараған еді. Оны интернет-порталдар жарыса жариялады.

  • 3 Сәуiр 2017
  • 2326
Фото - Caravan.kz

Сиви Ренатқа өздері бірге түскен "Соқыр махаббат" атты фильмде жалаңаш түрін көрсететін кадрларды қалдырғаны үшін қатты ренжіпті, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Осыдан кейін ол тура Абай даңғылының бойында Баситовтың көлігін алдын кесіп өтіп тоқтатып, гольфтың таяғымен ұра бастайды. Сиви Mersedes-тің сол жақтағы айнасын жұлады, терезелерін сындырады. Сосын "Ол кадрларды неге қалдырасың? Мен саған айттым ғой үш балам барын" деп айқайлайды. Сөйтеді де, таяғын лақтырып тастап, алда тұрған өзінің Lexus-ына мініп кетіп қалады. Бір қызығы, осы кезде көлігінің ішінде отырған Ренат оған ешқандай қарсылық көрсетпеген.    

Бұл бейнекөріністі көргендердің көпшілігі мұның шын жағдай екеніне сенбей жатыр. Олар бұл аталған фильмге жарнама ретінде жасалған қойылым дейді. Жұрт соның өзін жетістіре алмапты деп күлуде. Расымен де, осы көріністі фильмнің пиаршылары шынайы етіп жасай алмаған. Себебі де қисынға келмейді. Өйткені кинотуындыда кадрларды қалдыратын Ренат емес, режиссері, монтаж жасайтын адамдар ғой. Сосын, ол Сивидің жақын досы. Актрисаның үш баласы барын әнші ешкім айтпай-ақ білуі тиіс.   


Соңғы жаңалықтар