Жарияланды: 2 2500

Сіздің есіміңіз латынша қалай болады?

Сіздің есіміңіз латынша қалай болады?

Ғаламторда қазақстандық жаңа портал пайда болды. Ол жарыққа шыға салысымен жұрттың қызығушылығын тудырып жатыр.

Mening-atym.kz деп аталатын сайтта кез-келген адам өзінің аты-жөнін кирилден латын қарпіне автоматты түрде ауыстыра алады.

Caravan.kz тілшісі порталдың авторы Дмитрий Майжановпен хабарласып, креативті жоба туралы қызық жайттарды білді.

Сайтты құрастыру идеясы Парламентте латын әрпіне көшу жобасын талқылаған күні Forbes.kz редакциясында дүниеге келген. Жобаны жүзеге асыру осы сайттың техникалық директоры, жоғарыда аталған Дмитрий Майжановқа жүктелді. Ол өз кезегінде бір сағаттың ішінде сайтты құрастырып, желіге жіберген екен. Ешқандай қаржыландыру мен қолдаусыз жүзеге асқан портал екі күнде-ақ таң қаларлық көрсеткіштерге қол жеткізіп, бүкіл қазнетті шулатты.

Сайт қолдануға өте жеңіл. Кез-келген адам өзінің аты-жөнін енгізіп, бір сәтте оның латын транслитерациясын көре алады. Дмитрийдің айтуынша, ұсынылған латын әліпбиі әлі көпшілікке үйреншікті емес.

Сайттың көрінісі
Сайттың көрінісі

Мысалға, егер Әйгерім есімді қыз бұған дейін латынша өз есімін “Aygerim” деп жазып келсе, жаңа жоба бойынша ол “Aejgerim” деген транслитерацияға ие болады. Осы кезде, mening-atym.kz сайты жұртшылыққа көмекке келеді.

Көріп отырғаныныздай, Қайрат Нұртас есімі сайт бойынша жаңа қаріппен "Qajrat Nurtas" деп жазылатын болады.

Сонымен қатар, автор өз порталының аты-жөнмен ғана шектеліп қалмайтынын айттты.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 13 сентября

Хусият

Қонақ 14 сентября

Анас Сайдулаев

[X]