Соңғы жылдары балаларынан бас тартушы ата-аналар саны азайған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы жылдары балаларынан бас тартушы ата-аналар саны азайған

Соңғы жылдары балаларынан бас тартушы ата-аналар саны азайған

[wpcode id="1694287"] Соңғы кезде Астанада балалар үйіне бала тапсыру оқиғалары азайған. Бұл туралы қалалық мамандандырылған балалар үй

  • 22 Тамыз 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz


Соңғы кезде Астанада балалар үйіне бала тапсыру оқиғалары азайған. Бұл туралы қалалық мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжебаева Астана әкімдігі медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеген, деп жазды 24.кз

«2017 жылдың алғашқы 6 айында біздің мекемедегі 44 бала отбасы мен туыстарына қайтты. Ең бастысы 4 жастан асқан соң, бірде-бір баланы балалар үйіне ауыстырған жоқпыз», – дейді С.Кенжебаева. Оның айтуынша, мамандандырылған балалар үйінде балалар тек 4 жасқа дейін бола алады. Ал ол жастан асқандары белгіленген тәртіпке сәйкес балалар үйіне ауыстырылып, кәмелеттік жасқа толғанға дейін сонда тәрбиеленеді. Соңғы жылдары балаларынан бас тартушы ата-аналардың азайғаны байқалады. «Әрине, бұл оң үрдіс мемлекеттің ұстанып отырған салиқалы саясатының арқасында болып отыр. Өйткені қазір әйелдерге қолдау көрсететін кризистік орталықтар мен аналар үйлері бар. Бұл орталықтар тәжірибе жүзінде өз тиімділігін дәлелдеп отыр», – деді балалар үйінің директоры.

 

Соңғы жаңалықтар