СҚО-да су тасқынының алдын алу үшін Есіл өзенінде су қоймасы салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да су тасқынының алдын алу үшін Есіл өзенінде су қоймасы салынбақ

СҚО-да су тасқынының алдын алу үшін Есіл өзенінде су қоймасы салынбақ

Су қоймасының сыйымдылығы бір миллиард метр куб болады

  • 24 Қаңтар 2018
  • 119
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа су қоймасы салынады, ол өңірді су тасқынынан қорғайтын болады, деп хабарлады Sputnik.

Министр орынбасарының сөзіне сүйенсек, қазір Есіл өзенінде Бузулук су қоймасын салу үшін жоба-сметалық құжаттар дайындалып жатыр.

"Ол Ақмола және Қарағанды облыстарынан ағып келетін бір миллиард метр куб суды жинақтайды. Демек Солтүстік Қазақстанда су тасуы кезінде төтенше жағдайдың болу қаупін төмендетеді", — дейді Ильин.

Сонымен бірге, Юрий Ильин айтуынша, былтырғы жылдармен салыстырғанда қар көлемі биыл біршама аз. Сол себепті министр орынбасары өңірдегі су тасу мерзімі бір қалыпты өтеді деп үміттенеді.


Соңғы жаңалықтар