Жарияланды: 273

Су басу қаупі салдарынан Петропавлда үш ауданның тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілмек

Су басу қаупі салдарынан Петропавлда  үш ауданның тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілмек

Тұрғындардың көпшілігі үйлерін тастап кеткісі келмейді, бірақ билік өкілдері мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уәде беріп, міндетті түрде көшу керек деп отыр


Петропавлда эвакуациялық пункттердегі орындар саны көбейтілуде — су басу қаупі төніп тұрған аудандардан тұрғындарды көшіру жоспарланған.Қала түбінде орналасқан Кожевенный, Заречный ауылдары мен орталыққа жақын жердегі Подгора шағын ауданында су басы қаупі туындаған. Эвакуация уақыты Петропавл қаласынан бірнеше шақырым жерде орналасқан Бәйтерек ауылына келген судың деңгейіне байланысты белгіленеді. "Соған байланысты шешім қабылдаймыз, бірақ халықты қайткенде де қауіпсіз жерге көшіру керекпіз. Көпшілігі бірдеңесі болар деп, эвакуациядан бас тартып жатыр. Бірақ қауіпті жерлерден көшуден басқа амал жоқ", — деді Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев.

 

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]