Жарияланды: 1500

Суицид жасауға кетіп бара жатқан келіншекті біреу зорлап кеткен

Суицид жасауға кетіп бара жатқан келіншекті біреу зорлап кеткен

 «Естімеген елде көп» деген осы шығар. Ертіс өзеніне секіріп өлуге кетіп бара жатқан 25 жастағы әйелді біреу зорлап кеткен.

Бұл туралы Ntv.ru хабарлады.

Ресейдің Омбы қаласында Ертістегі көпірге қарай бара жатқан жолда әлгі келіншекті белгісіз біреу зорлап тастапты. Содан кейін мұны да елемеген әйел көпірмен жоғары көтеріле берген. Бірақ тура құлайын деп тұрған сәтінде сол маңайдан өтіп бара жатқан такси жүргізушісі байқап қалып, райынан қайтарады. Сөйтіп, келіншекті көлігімен полицияға апарған. Әйел сол жерде шағым жазды. Зардап шегушіге қазір психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде. Ал зорлаған адам іздестіріліп жатыр

Пікір қалдырыңыз

[X]