Жарияланды: 120

Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін - синоптиктер

Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін - синоптиктер

Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 19-23 мамыр аралығында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы күтіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзбекстаннан келген дауылды ескертуге байланысты Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 19-23 мамыр аралығында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы күтіледі, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін", - делінген хабарламада. Сонымен қатар синоптиктер 2017 жылдың 20-22 мамырына арналған ауа райы болжамын жария етті. "Ауа райының күрт ауытқуы - мамыр айының ерекшелігі. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7...15 градус болады деп күтілуде. Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде ауа температурасы 1...3 градусқа дейін төмендеп аяз болады", - деді синоптиктер.
 

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]