Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін - синоптиктер - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін - синоптиктер

Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін - синоптиктер

Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 19-23 мамыр аралығында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы күтіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Мамыр 2017
  • 334
Фото - Caravan.kz


"Өзбекстаннан келген дауылды ескертуге байланысты Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 19-23 мамыр аралығында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы күтіледі, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін", — делінген хабарламада. Сонымен қатар синоптиктер 2017 жылдың 20-22 мамырына арналған ауа райы болжамын жария етті. "Ауа райының күрт ауытқуы — мамыр айының ерекшелігі. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7…15 градус болады деп күтілуде. Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде ауа температурасы 1…3 градусқа дейін төмендеп аяз болады", — деді синоптиктер.
 

Соңғы жаңалықтар