Таңда болған жер сілкінісі алматылықтарға қалай әсер етті? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таңда болған жер сілкінісі алматылықтарға қалай әсер етті?

Таңда болған жер сілкінісі алматылықтарға қалай әсер етті?

Бүгін Алматы тұрғындарының көбі таңғы сағат 5 жарымдар шамасындағы жер сілкінісінен шошып оянды. Артынша дүмпу күші 4 балл болды деген ресми ақпарат тарады. Бірақ сілкіністі сезінгендер бұдан көбірек болған сияқты деп отыр.

  • 9 Тамыз 2017
  • 5704
Фото - Caravan.kz

Жалпы, бүгін таңғы тәтті ұйқысынан айырылған алматылықтарға дүмпу қалай әсер етті? Caravan.kz медиа-порталының тілшісі осы тұрғыда Фейсбукке шамалы шолу жасап шыққан еді.       

Жазира Бегалы: "Түнімен екі рет жер сілкінді. Қазір таңғы сағат 5.31 де тағы үй тербеліп, ұйқымды бұзды. Селкілдетіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасын алғандар бар ма? Ел аман, жұрт тыныш болсын".

Nurlan Alban: "Алла-тағала тыныштық пен береке берсін! Бала-шағам тəтті ұйқыда жатты.Есім шығып кетті ғой".

Dinara Malik: "Алматыда жер сілкінді! Минут бұрын. Есімізді жинай алмай… Алла жар бола гөр! Қауіп-қатеріңнен сақтай гөр! Бесінші қабаттағы біздің өзіміз теңселіп кеттік. Сасқанымнан есікті іліп, ашып жүрмін ғой… Ұзақ уақыт… бітпейтін сағаттардай болып кетті. Көз алдымда күллі өмір дөңгеледі! Балалар! Балалар! Жақындар! Мейірімді, кешірімді болайықшы, адамдар!"

Қазыбек Иса: Алматылықтар бүгін таң алакеуімде қатты жер сілкінісінен оянды! Шамасы 6 балдың айналасында болды-ау! Өйткені төсегіміз шайқалғаннан оянып кеттік. Шифонер құлап кетердей, біраз уақыт шайқалып тұрды. Люстралар құлап түсердей сықырлап тұрып алды. Бірінің артынан бірі екі рет қайталады. Үй шайқалып тұрғанда бір Аллаға сыйынумен болдық… Өте қорқынышты! 5-ші қабаттың өзі осылай шайқалғанда, биік қабаттағылар не болды екен?! Жер сілкіну біткенде сағатқа қарап едім, 5:31-ді көрсетіп тұрды. Астапыралла! Құдіреті мен мейірімі шексіз бір Алла, өзің сақтай гөр!"


Жанат Бақыт: "Инстаграмда отыратындар жер сілкінісін сезбейтін сияқты. Фейсбуктегілер ғой ол, жер тербеліп жатқанда өзі не істерін білмей тұрады. Тағы кереуетке сүйеніп тұрып, "Жер сілкінді!" деп фейсбукке пост жазатын".

Естеріңізге сала кетсек, Алматы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада 9 тамызда 05 сағат 28 минут 37 секундта жер сілкінісі болған. Дүмпу күші 4 балл. Ал зілзала ошағы Қытай аумағында, Алматыдан 485 шақырым жерде 6.8 магнитудамен тіркелді. 

Соңғы жаңалықтар