Тәрбиешінің балаларды қорлағанын көрсететін кезекті видео пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәрбиешінің балаларды қорлағанын көрсететін кезекті видео пайда болды

Тәрбиешінің балаларды қорлағанын көрсететін кезекті видео пайда болды

Видеоны Youtube-ке Taikonur Sozak есімді қолданушы жариялаған. Оның айтуынша, бұл жағдай ОҚО Созақ ауданының Тайқоңыр кентіндегі "Арай" балабақшасында болыпты.

  • 20 Сәуiр 2017
  • 11629
Фото - Caravan.kz

"Роликте педагогтың балаларға асқан қаталдықпен қарайтыны анық көрініп тұр. Тәрбиеші айғайлап сөйлеп, бір баланы жұлқылайды және ұрады. Оның сөйлеу мәнеріне қарап, бүлдіршіндерді әскерге дайындап жатыр-ау деп қаласыз" дейді видеоны ғаламторға салған адам.

Taikonur Sozak облыстық ішкі істер департаменті мен аудандық білім бөлімінен осы видеоға байланысты тексеру жүргізуін өтініпті. "Директор Лала Шәмшиевна болған жағдайды біледі. Бірақ шара қолданбай отыр. Мұнда педагогтардың балаларға осылай дөңайбат көрсетуі бірінші рет емес" делінген Youtube-тегі жазбада.


Соңғы жаңалықтар