Тоқаев Сооронбай Жээнбеков туралы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Сооронбай Жээнбеков туралы пікір білдірді

Тоқаев Сооронбай Жээнбеков туралы пікір білдірді

Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қырғызстанда 15 қазанда өткен президент сайлауына қатысты пікір білдірді. Тоқаев пікірін алдын ала мәлімет бойынша Социал-демократиялық партия (СДП) кандидаты Сооронбай Жээнбеков сайлауда алда келе жатқаны хабарланған тұста білдірді.

  • 16 Қазан 2017
  • 232
Фото - Caravan.kz

"Достас Қырғызстанның президенті болып тәжірибелі саясаткер, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінетін С.Жээнбеков сайланды" деп жазды Тоқаев 16 қазанда Twitter-де.

Читать

Kassym-JomartTokayev @TokayevKZ

Президентом дружественного Кыргызстана избран опытный политик С. Жээнбеков, понимающий важность всестороннего сотрудничества с Казахстаном.

0:38 — 16 окт. 2017 г.

Информация о рекламе в Твиттере и конфиденциальность

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) соңғы мәліметі бойынша, Жээнбековті сайлаушылардың 50 пайыздан астамы (917 мыңнан аса) қолдап дауыс берген.

Жээнбековтің сайлаудағы басты қарсыласы саналған "Республика — Ата-Журт" фракциясының жетекшісі, өзін-өзі ұсынған Омурбек Бабанов екінші орында келеді. Ол сайлаушылардың 564 мыңнан астам даусын (35 пайыздан аса) иеленген. ОСК мәліметі бойынша, сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 55,93 пайызы қатысқан.

Соңғы жаңалықтар