Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды

Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды

Бүгін Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі әскери сот Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қа

  • 7 Қараша 2016
  • 967
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі әскери сот Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі сот залынан.

Сот бас айыпталушы Тоқтар Төлешовты кiнәлi деп тауып, мүлкін тәркілеумен 21 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді.

Еске сала кетейік, Тоқтар Төлешов биыл 30 қаңтарда Шымкент қаласында ұсталған болатын. Бас күдiктi мен оның сыбайластарынан қару, есірткі және белгілі бір әдебиеттер тәркіленді. Шымкенттік кәсіпкерге барлығы Қылмыстық кодекстің 15 бабы бойынша айып тағылды. Маусым айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төлешов пен оның сыбайластары елдегі билікті күшпен басып алуға дайындық жасағанын хабарлады.

Тоқтар Төлешов халықаралық қылмыстық қауымдастықтың белді өкілі ретінде қылмыс әлемінің беделді мүшелерін қаржыландырған. Нақты айтқанда, ол «Братский круг» трансұлттық қылмыстық қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас ортанып, оның көшбасшылары мен беделді мүшелеріне қаржылай көмек көрсетіп отырған. Тергеу нәтижесінде Төлешовтың тоқсаннан астам арнайы дайындықтан өткен жауынгері болғаны анықталды. Белгілі болғандай, оның қылмыстық тобы адамдарды ұрлап, өлтірген.

Бұдан бөлек, Атырауда «жер митингілерін» өткізген Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісі бойынша сот отырыстарының біріне Тоқтар Төлешов куәгер ретінде қатысып, Астана қалалық сотынан онлайн-көрсетілім арқылы сұрақтарға жауап берді. Сот отырысында Төлешов биыл 24 сәуірде Атырауда Талғат Аянов пен Макс Боқаев өткізген заңсыз шеруді өзі қаржыландырғанын толық мойындады.

Төлешов ісіне қатысты сот Астанада 14 қыркүйекте басталды. Барлығы 25 күдікті. Сот процесіне 16 қорғаушы, 104 куәгер, 17 жәбірленуші және 2 өкілі қатысты. Қылмыстық іс 300 томнан тұрады. Тоқтар Төлешовтың соты жабық режимде өткенін айта кетейік.

Соңғы жаңалықтар