Төрт кеншінің өліміне кінәлілер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт кеншінің өліміне кінәлілер сотталды

Төрт кеншінің өліміне кінәлілер сотталды

Саран қалалық соты төрт кеншінің өліміне, тағы бес кеншінің жарақат алуына алып келген оқиғаға қатысты «АрселорМиттал Теміртау&raq

  • 25 Мамыр 2017
  • 345
Фото - Caravan.kz

Саран қалалық соты төрт кеншінің өліміне, тағы бес кеншінің жарақат алуына алып келген оқиғаға қатысты «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы шахтасының үш лауазымды тұлғасына үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Судья Талғат Әмірешов «Феррит» дизелевоз машинисі Евгений Трофимовичті, «Феррит» дизелевоз машинисі Сергей Мишин мен рельстік көлік учаскесінің бастығы Дмитрий Арабалжиді ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Судья олардың әрқайсысына бес жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімін кесті. Сотталушылардың кейбірі айыптарын мойындамады. Қосымша жаза ретінде судья оларды өнеркәсіптік өндірісте үш жыл мерзім ішінде басшылық қызметтер атқару құқығынан айырды. Жәбірленушілер айыпталушыларға заңда көзделген жаза тағайындауды сұрады.



 

Соңғы жаңалықтар