Төрт қазақстандыққа мешітте “әмин” сөзін айтқаны үшін айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт қазақстандыққа мешітте “әмин” сөзін айтқаны үшін айыппұл салынды

Төрт қазақстандыққа мешітте “әмин” сөзін айтқаны үшін айыппұл салынды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жаңаөзенде әкімшілік істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сот “әмин” сөзін айтқан төрт тұрғ?

  • 17 Наурыз 2017
  • 1099
Фото - Caravan.kz

Жаңаөзенде әкімшілік істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сот “әмин” сөзін айтқан төрт тұрғынға айыппұл салды. Адвокат Ғалым Нұрпейісовтың айтуынша, келушілер имамға және “заңды дәстүрлі дінге” кедергі келтірген.

“Мен тек қарарлық бөлігін естідім, сот дәйектемесін білмеймін. Бірақ, сот олардың бәрін айыпты деп тауып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 409 баптың 2 бөлімі “заңды діни қызметке кедергі келтіру” бойынша айыпталған. Олардың әрқайсына 50 АЕК, яғни, 113,5 мың теңге айыппұл салынды”, – деді адвокат.

Ол сотта жауапты болып жатқан адамдардың есімдерін жасырын қалдырды.

“2016 жылдың қараша айында ҚМДБ ғұламалар кеңесі Қазақстан Республикасы аумағына таралатын, ханафи мәзхәбін ұстанатын мешіттерге арналған ережені қабылдады. 3.4 тармақ бойынша “әмин” сөзін дауыстап айтуға болмайды. Алайда осы ережені бұзған адамдар Ақтауда, Атырауда кездескен. Имамдар олардың үстінен полиция басқармасына арыз жазған. Олар құлшылық орындап жатқан кезде дауыстап айтылған “әмин” сөзін естіп, намаз оқуларына едәуір кедергі келетінін байқаған”, – деді Ғалым Нұрпейісов.


Алайда айыпталушылар “әмин” сөзін намаздан соң айтқандарын айтыпты. Адвокат Нұрпейісов дәл осы мәселеге бола істің сотқа дейін жеткеніне таңғалған.

“Процесс кезінде мен имамнан сұрадым: Намаз болмаған кезде ол сізге қалай кедергі келтіріп жүр?” деп. “Ол мешіт ережесін бұзды, болды” деп жауап берді. Бұл Жаңаөзеннің орталық мешітінде болыпты”, – дейді адвокат.

Соңғы жаңалықтар