Туған қызын 626 рет зорлаған азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туған қызын 626 рет зорлаған азамат ұсталды

Туған қызын 626 рет зорлаған азамат ұсталды

Малайзия тұрғыны өз қызын бірнеше жыл бойы зорлап келгені үшін айыпталып отыр.

  • 11 Тамыз 2017
  • 16431
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.

Тергеу ісі анықтағандай, 36 жастағы ер адам осыдан екі жыл бұрын әйелімен ажырасқан. Соттан кейін 13 жастағы қызы әкесімен, ал кіші екі қыз анасымен қалған-ды. Содан бері ер адам өз қызын күн сайын зорлап келген (барлығы 626 рет).

Жасөспірім қыз сол уақыттан бері басынан өткен жайт туралы анасына айтпапты. Әкесі қалған екі қызын өзіне алу үшін сот ісін бастаған кезде ғана жасөспірім бар шындықты ашқан.  Малайзияда сексуалдық зорлық-зомбылық – ең өзекті мәселелердің бірі. Күн сайын аталған елде орташа есеппен 10 қыз зорлыққа ұшырайды, оның жартысы 16 жасқа толмаған жасөспірімдер.

Ал 2005-2014 жылдары аралығында бас-аяғы 28 мың 700 зорлау дерегі тіркелген. Алайда оның бар болғаны үшеуінде ғана сот айыпталушы тарапты кінәлі деп тапқан.


Соңғы жаңалықтар