Түркіменстанда "Гюленмен байланысы бар" делініп 30-дан астам адам сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстанда "Гюленмен байланысы бар" делініп 30-дан астам адам сотталды

Түркіменстанда "Гюленмен байланысы бар" делініп 30-дан астам адам сотталды

Түркіменстан соты түрік оппозиционері Фетхуллах Гюленмен қатысы бар деп былтыр тұтқындаған 30-дан астам адамды ұзақ мерзімге түрме жазасына кескен. Олардың ішінде танымал бизнесмендер Ресул Атагелдиев пен Дәулет Атаев 25 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

  • 22 Ақпан 2017
  • 312
Фото - Caravan.kz

Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзіне қарағанда, Ахал облыстық сотында үкім шығарылған адамдардың дені бұрын түркімен-түрік лицейлерінде мұғалім болып жұмыс істегендер. Осының алдында «Хизмет» ұйымымен байланысы бар делініп, мұғалімдер мен кәсіпкерлер жаппай тұтқындалып жатқаны хабарланған.

Дереккөздің хабарлауынша, Ахал облыстық соты 8-9 ақпанда 30-дан астам адамға үкім шығарған. "Олардың көбі тергеу кезінде зорлық-зомбылыққа тап болған. Сол үшін сотталған мұғалімдерді Байрамали абақтысына жіберді», — дейді дереккөз.

Осының алдында Ашхабадтағы «Мердем» және «АлпЭт» мейрамханаларының қожайыны Ресул Атагелдиев пен «А-Маркет» дүкендер желісінің иесі Дәулет Атаев ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылғаны хабарланған. Бірақ 8-9 ақпанда болған сот отырысында оларды қайтадан соттағаны не апелляциялық шағымды қарағаны белгісіз.


Соңғы жаңалықтар