Түркияда жол апатынан зардап шеккендердің туыстары оларды Астанаға емес, Алматыға жеткізуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда жол апатынан зардап шеккендердің туыстары оларды Астанаға емес, Алматыға жеткізуді сұрады

Түркияда жол апатынан зардап шеккендердің туыстары оларды Астанаға емес, Алматыға жеткізуді сұрады

Түркияда жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың туыстары оларды Астанаға жеткізуге наразы. Олар зардап шеккендерді Алматыға жеткізіп беруін сұрап отыр.

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 335
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

"Балаларымызды Алматыға алып келгенін қалаймыз. Астана бізге өте алыс қой, біз Талдықорғаннанбыз. Балалар бізді сағынды. Астанаға ұшып бару үшін кредит алуымызға тура келеді", — деді зардап шеккен қазақстандықтың анасы Сәуле Сағындықова.

Туыстарының айтуынша, қазіргі уақытта әлі үш адам ауруханада жатыр. Сақтандыру мерзімі аяқталуға жақын. "Күн сайын әр адамға 100 доллар төлеп отырмыз. Ертең төртінші күн — бұл 1200 доллар. Қазір туыстарымызбен ақылдасып, дүниемізді сатып, балаларымызды үйге алып кеткіміз келіп отыр. Оларды не себепті Астанаға апаратынын түсінеміз. Сол жақта мақтанып айту үшін ғана. Ауруханаға апарады, денсаулық сақтау министрі халат киіп, олардың жағдайын сұрайды, сөйтеді де "Алаңдамаңыздар, отанға оралдыңыздар" деп айтады. Алматыда да Астанадағыдай емдеу орталықтары жетіп артылады", — деп мәлімдеді тағы бір туысы Ербол Сәметов.

Сонымен қатар, олар санавиация бортына үш адамды алу жоспарланғанын айтты. "Бір жігіттің әйелі бар, бірақ оны бортқа алмай жатыр. Екі қолы да сынған. Ортақ ұшақта қалай ұшпақ? Қолымен ештеңе де істей алмайды. Балалардың барлығын Алматыға жеткізу керек", — деді Сәуле Сағындықова.


"Жүрегіміз шыдамайды. Түнде ұйықтай алмай, уайымдаймыз. Мемлекетіміз көмек қолын созған екен, соңына дейін жәрдемдессін. Бұл әркімнің басына келуі мүмкін. Мұндай апатқа түсуіне олар кінәлі емес. Біз, ата-аналар оларды Алматыға алып келуін сұраймыз. Барып тұруымызға жақын болар еді", — деді ол. 

Соңғы жаңалықтар