Түрме заңын насихаттайтын АУЕ оқушылар арасына тарай бастаған ба? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрме заңын насихаттайтын АУЕ оқушылар арасына тарай бастаған ба?

Түрме заңын насихаттайтын АУЕ оқушылар арасына тарай бастаған ба?

Соңғы кездері ғаламторда АУЕ деген жазуы бар түрлі таңбалар мен топтар шыға бастады.

  • 14 Қыркүйек 2017
  • 1419
Фото - Caravan.kz

АУЕ таңбасы тіпті Алматының қалтарыс көшелерінде де кезігіп қалып жүр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа-порталы.

Шын мәнінде АУЕ нені білдіреді әрі қандай мағына береді?

Анықтап көргеніміздей АУЕ «Арестанское уркаганское единство» немесе «Арестанский уклад един» деген орысша сөздің мағынасы екен. Қарапайым тілмен айтқанда мағынасы түрме заңына бағыну немесе кез келген қақтығыс түрме заңына сәйкес бейбіт жолмен шешілу керек дегенді білдіреді. Дегенмен, бұл әу бастағы ереже болса керек. Яғни мәселені пышақ қолданып, қан шығармай шешудің амалы. Сотталғандар бір әлемнің адамы дегенді ұқтыру болған.

Бірақ, қазіргі кезде АУЕ заңы жастар мен жасөспірімдер арасында қолданыла бастаған көрінеді. Сондай-ақ қазіргі АУЕ әу бастағы принциптен бөлек, мақсаты тіптен басқа. Ондағы көзделген мәселе жасөспірімдер арасына түрме заңын сіңіру. Қылмыс әлемінің беделділерін мойындау.

АУЕ-ні ту етіп алғандар түрме заңын өз қатарластарына күштеп телігісі келеді. Көбіне әлсіздерден ақша бопсалап, тіпті күш қолданады екен.АУЕ деген атпен соттталғандар ережесі бойынша жүргісі келетіндер өздерінше жиған ақшаны түрмедегі ортақ «Общаққа» жібереміз дейтін көрінеді

Дегенмен, Алматыда түрме заңы бойынша оқушылардан ақша жинау, күш қолдану сияқты деректер тіркелмеген. Бірақ ғаламтор бетінде әлгіндей белгіні насихаттайтын жазбалардың жиі қылаң беріп жүргені көпшілікті алаңдата бастады.


Негізінен АУЕ қылмыстық топтары Ресейде кең етек жая бастаған. Әсіресе аталған топтар Ресейдің Бурят АССР мен шығыс аймақтарында белең алған көрінеді. Тіпті мұндағы қылмыстық топтар жайлы мәлімет Ресей президенті Владимир Путингеде жеткен болатын

Соңғы жаңалықтар