Тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға білім депозитін ашу акциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға білім депозитін ашу акциясы басталды

Тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға білім депозитін ашу акциясы басталды

6 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып, депутаттардың, көрнекті қайраткерлердің, бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) шеңберінде аз қамтылған отбасылардағы балалардың атына білім беру депозиттерін ашу бойынша «Табысты болашаққа кепілдік!» қайырымдылық акциясын бастады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. 

  • 8 Қыркүйек 2017
  • 331
Фото - Caravan.kz

Іс-шара «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Шаймұратұлы Қуанғановтың алғы сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде мемлекеттің бұл бастамасын оң тілектерімен қолдап, «Табысты болашаққа кепілдік!» науқанының басталғандығын жариялады.

«Жас Отан» жастар қанатының өкілі Данияр Сүндетбаев өз кезегінде мұндай акцияның Қазақстан жастарының келешегі үшін маңыздылығын тілге тиек етіп, бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсеткендерге алғыс айтты.

Депутаттар ғана емес, сондай-ақ барлық қазақстандықтар да өз балаларының немесе аз қамтылған, тұрмысы төмен балалардың оқуына депозит аша алады.  

МББЖЖ — бұл ата-ана/қамқоршы өзінің немесе баланың атына МБЖЖ-ға қатысушы-банкте білім беру депозитін ашып, банктің сыйақысы мен мемлекеттің сыйлықақысынан құралатын  21 %-ға дейінгі жылдық табыстылықпен болашақта білім алу мақсатында қаражат жинауға мүмкіндік алатын білім алудың қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік шара.


Іс-шараға ҚР Парламенті депутаттары, «Қаржы орталығы» АҚ-ның, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясының  орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының, «Жас Отан» ЖҚ-ның өкілдері қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар