ҰБТ-ны өткізуге қатысты бірқатар мәселе мен қауіп туындап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-ны өткізуге қатысты бірқатар мәселе мен қауіп туындап отыр

ҰБТ-ны өткізуге қатысты бірқатар мәселе мен қауіп туындап отыр

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қатысуымен «2017 жылғ

  • 12 Мамыр 2017
  • 417
Фото - Caravan.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қатысуымен «2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы» туралы баспасөз конференция өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Шараға баспасөз конференцияның жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Дархан АХМЕД-ЗАКІ, департаменті директорының орынбасары Зейнеп МАҚСҰТОВА және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ қатысты.

ҰБТ-ның жаңа форматы түрлі мемлекеттердегі емтихандарды өткізу бойынша халықаралық тәжірибелерді талдау нәтижесінде әзірленді. ЖОО-ға түсу емтиханы мен бітіру емтихандары бөлек өткізілетін мемлекеттердің тәжірибесі қарастырылады. Бұл мемлекеттердің қатарына Жапония, Израиль, АҚШ жатады. ҰБТ тестерінің мазмұны оқу қабілетін, логикалық ойлаудың деңгейін, базалық құзыретін, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға көзделген.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2016 жылығы 7 мамырдағы № 31-38.24 бұйрығына сәйкес ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингі жүргізілмейді, нәтижелері білім беру мониторингі шеңберінде қолданылуы мүмкін.

2016 жылдың қазан айынан бастап ҰБТ жаңа форматы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары толық көлемде өткізілуде. Медиа-жоспар әзірленген. Мектеп бітірушілердің, сынып жетекшілердің, мұғалімдердің, білім басқармалары әдіскерлерінің, ата-аналар қауымының, БАҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен 53-тен астам кездесу мен дөңгелек үстел өткізілді.

Министрлік апта сайын селекторлық тәртіпте білім басқармаларының жетекшілерімен диалог жүргізеді, ата-аналар мен қаланың мектеп бітірушілерімен кездесулер өткізіледі.


Сондай-ақ, ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша брифингтер өткізілді, БАҚ баспасөз қызметінде және телевидениеде түсіндірме беріледі.

Тест тапсырмаларына үш рет сараптама жүргізілді. Барлық тапсырманың тестология талаптарына сәйкестігі тексерілді және ҰТО-ның базасына қабылданды. «Егемен Қазақстан» газетінде апта сайын тест үлгілері жариялануда. ҰТО сайтында әдістемелік нұсқаулықтармен қатар тест тапсырмалары қосымша жарияланған.

ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша бірқатар мәселе мен қауіп туындауда, соның ішінде:

Біріншіден, кейбір бітірушілер мен олардың ата-аналарының ойынша ҰБТ мен қорытынды аттестаттауды тапсыру екі есе жүктеме болып табылады, себебі ҰБТ-мен қатар қорытынды аттестаттауға да дайындалу қажет;

Екіншіден, Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларының сараптамасы мен олардың апробациясы бірнеше рет өткізгеніне қарамастан, қате сұрақтардың болуы күмән тудырады;

Үшіншіден, бітірушілердің қатысуын ұйымдастыру, әсіресе шалғай елді мекендерден келген мектеп түлектерінің қауіпсіздігін, тестілеу кезіндегі психологиялық қолдау көрсетуді, сондай-ақ оларды тамақтандыру және орналастыруды қамтамасыз ету;

Төртіншіден, 4 мамырдағы мәлімет бойынша ҰБТ-ға қатысуға бітірушілердің 71% өтініш білдірді. 10 мамырда өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталды.

Соңғы жаңалықтар