Үнділерде жұмыс істейтін италиялықтар неге 19 мың евро, ал қазақ 200 доллар ғана алған? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үнділерде жұмыс істейтін италиялықтар неге 19 мың евро, ал қазақ 200 доллар ғана алған?

Үнділерде жұмыс істейтін италиялықтар неге 19 мың евро, ал қазақ 200 доллар ғана алған?

Елімізде  шетелдіктер мен қазақстандық жұмысшылар арасындағы айлық жалақы мен әлеуметтік теңсіздік жиі сөз болып тұрады.

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 13480
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Бірқатар оқырман әлеуметтік теңсіздік салдарынан сан мәрте кикілжің болғанын еске алса, енді бірі қашанғы қазақ жұмысшыларын осылай кемсіте береді деген сауал қояды. Ал Кенжебек Жақсылықұлы әлеуметтік желіде осыдан бірнеше жыл бұрын өз көзімен көрген жағдайды баяндапты. Бірақ оның Астанадағы "Әбу-Даби Плаза" кешенінде болған жанжалға еш қатысы жоқ. Дегенмен жариялағанды жөн көрдік. Автор он жылдан аса уақыт бұрынғы оқиғаны былай еске алады: 

Кезінде 2006 жылы Қазақтың мұнайын Қытайға жаппай сатуды бастағанда, Атасу — Алашанькоу мұнай құбырын салу барысында қызмет істедім. Осы индустармен бірге. Сол кезде екі италяндық "сварщик" қызмет істеді. Екеуінің жататын орны екі бөлек комната, жеке дизель станциясы, ыстық су, суық су, кондиционер, спутникті ТВ, және телефон, бес мезгіл тамақ, жеке жеке аспазшы , 10 астам салат түрлерімен, түскі астан кейін бір сағат ҰЙҚЫ !!!! жеке су жаңа Нива автокөлігі шопырымен берілді.. Ал енді ең бастысы айлық жалақысын қараңыздар ….19 000 Евро !!!!!

Осыған көңілдері толмайтын. Біздің қазақтар да жұмыс жасайды. Орташа айлығы 200 Доллар! Жататын жерлері шатыр, (палатка) жейтіндері перловка….


Айтыңыздаршы Қазақстаннан басқа мемлекетте осындай барма ? Бұл менің естігенім емес!! Көзіммен көргенім. ТОО J B Edwards Corporatiоn да водитель болып қызмет істегенде көргенім. Менің жұмыс берушім (Қазаққа.. Қазақстанда ЖҰМЫС БЕРУШІ ! ИНДУС !!!) сол кезде Индия азаматы Шридхар Балакришнан деген болды. Ал негізі осы проектіге индустарды Әкелген Тимур Кулибаевтің басты финансисті Арвин Тику деген Индияның азаматы. Ал бүгіндері долларовый миллионер ..

Кешегі Алматыдағы Түрік компанияларында осындай оқиға. Тек Қазақстанда ғана сырттан келген жұмысшыға ақшаны артық төлейді. НЕГЕ?? Қазақты кім көрінген басынып, кез келген сырттан келген байып кетеді. Тек Қазаққа бермеу керек. Неге? Қазақстан Үкіметінің не білгені бар??? Бұл деген Қазақстан Үкіметінің қазақ халқын кемсіту ме??

Соңғы жаңалықтар