ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Н.Дүтбае

  • 12 Шiлде 2017
  • 354
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Н.Дүтбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды және осы жылдың 4 шілдесінен Ақмола гарнизоны әскери сотының қарауында жатыр», — дейді ҰҚК өкілдері. 

ҰҚК-нің бұрынғы басшысына қатысты іс материалдарында мемлекеттік құпиялар бар екені айтылды.

Мұның алдында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев пен өзге де фигуранттардың қамауда отыру мерзімі ұзартылғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, бұл тұлғаларға қатысты тергеу құпия жүрді. Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған еді. Ол кезде ҰҚК өкілдері бұрынғы басшыға қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген болатын. Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаев мемлекеттік құпияны жария етті және билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалды.

Еске салайық, Нартай Дүтбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанына дейін басқарған болатын.


Соңғы жаңалықтар