Үш жастағы қыздың мұрнын тістеп жұлып алған өгей әке жауапқа тартылмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш жастағы қыздың мұрнын тістеп жұлып алған өгей әке жауапқа тартылмай жүр

Үш жастағы қыздың мұрнын тістеп жұлып алған өгей әке жауапқа тартылмай жүр

Үш жастағы бүлдіршінің аянышты жағдайын журналист Гүлмира Әбіқай жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазан:

  • 11 Қаңтар 2018
  • 4798
Фото - Caravan.kz


ҚР ІІМ назарына!!!
Алматы облыстық ІІД-нің назарына!!!

Фотодағы үш жасар қыздың үстінен сау тамтық жоқ. Басынан башпайына дейін аяусыз тістелеп, бір уыс төбе шашы мүлдем жоқ. Ең сорақысы ұйықтап жатқан бөпенің мұрнын 1986ж.т. Ринат Қоңқабаев тістеп жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін. Мұрын еті сол күйі табылмады. 20 күн ауруханада жатқан Жансая бүгін анасымен үйге қайтуы керек. Алайда, басар тау, барар жері жоқ. Пәтерге оралса азаматтық жары Ринат күтіп отыр. Бұл мәселеге қатысты балаға шабуыл деп арыз жазылғанымен күдікті изоляторда бір күн отырып, босап шықты. Шырылдап енді арыз жазғанымды білсе өзімді де өлтіреді деп жылайды Аяулым Матаева. Ол (Ринат) бұрын сотталған азамат. Адам болмайтынын білген туыстары теріс айналған жігітті неге таңдадыңыз? Бірге тұрған бір жыл ішінде бірнеше рет қол көтергенін неге жасырдыңыз? Ол ішіп алғанда белая горячка екенін біле тұра 3 жасар қызды қауіпке неге итермеледіңіз? Бұл сауалдарға Аяулым жауап таппады. Сіз азаматтық жарыңыз өлердей мас екенін біле тұра, мұндай кезде көзіне түскен жанды оңдырмайтынын (тістейді) біле тұра туған қызыңызға араша түсу орнына тастап қаштыңыз?
Екеуіңіз де ҚЫЛМЫСКЕРСІЗДЕР! Ал, не болды? Бір қыз бала мәңгілік урод болды. Оған қанша жерден ота жасалғанымен өз мұрнындай болмайды. 3 жасар баланың психикасына мәңгілік сызат түсті.
Айналайын, қыздар-ау ,сіңілілерім, келіншектер!!! Түрлі жағдаймен алғашқы жардан ажырап қалсаңыз екінші күйеуге абайлап тиіңізші. Азаматтық неке дегенді сылтауратпай-ақ қойыңыз! Не бай емес, не сай емес төсекте бар, заңда жоқ еркекте жауапкершілік те жоқ! Дәл қазір Алматының әр бұрышында қанша әйел балаларына тиісіп мезі болған азаматтық жарынан қалай қашып құтыларын білмей жүр. Себебі,бізде азаматтық деп аталғымен олардың 99,9% рәсімделмеген. Заң жоқ жер беспредел. Баласына тиседі қанша жынды болса да әйел өз баласына араша түседі бұл жолы азаматтық күйеуі оңдырмай соғады. Өлімші болған кезде қашып шыққан әйел полицияға арыз жазады. Еркек бір тәулікке қамалып қайтып келіп, баяғы оқиға қайтадан жалғасады. Менің сожительімді біржолааа ешқашан біз көрмейтіндей жерге алып кетіңізші деп зар жылап тұр трубкада А. "ДД" дәл осы мәселеге араласапайды!!!!

Соңғы жаңалықтар