Жарияланды: 230

WhatsApp арқылы видео таратқан әйел жауапқа тартылды

WhatsApp арқылы видео таратқан әйел жауапқа тартылды

Астана полицейлері WhatsApp арқылы қатыгездікті насихаттайтын видео таратқан әйелді жауапқа тартты, деп хабарлайды Baq.kz.

«33 жастағы Астана тұрғыны WhatsApp арқылы зорлық-зомбылықты наисхаттайтын түрлі видеоларды таныстарына таратып отырған. Ол видеоларда қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттаудың көріністері болған», - дейді Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері азаматтардан қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдарды таратпауды сұрайды.

Мұндай әрекеттер болған жағдайда қатыгездікті насихаттаушылар ҚР ӘҚБК 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Пікір қалдырыңыз

[X]