WhatsApp арқылы видео таратқан әйел жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WhatsApp арқылы видео таратқан әйел жауапқа тартылды

WhatsApp арқылы видео таратқан әйел жауапқа тартылды

Астана полицейлері WhatsApp арқылы қатыгездікті насихаттайтын видео таратқан әйелді жауапқа тартты, деп хабарлайды Baq.kz. «33

  • 20 Сәуiр 2017
  • 290
Фото - Caravan.kz

Астана полицейлері WhatsApp арқылы қатыгездікті насихаттайтын видео таратқан әйелді жауапқа тартты, деп хабарлайды Baq.kz.

«33 жастағы Астана тұрғыны WhatsApp арқылы зорлық-зомбылықты наисхаттайтын түрлі видеоларды таныстарына таратып отырған. Ол видеоларда қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттаудың көріністері болған», — дейді Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері азаматтардан қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдарды таратпауды сұрайды.


Мұндай әрекеттер болған жағдайда қатыгездікті насихаттаушылар ҚР ӘҚБК 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар