WhatsApp миллиондаған смартфонда жұмыс істемей қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WhatsApp миллиондаған смартфонда жұмыс істемей қалады

WhatsApp миллиондаған смартфонда жұмыс істемей қалады

Ескі телефондарда сіз жаңа аккаунт ашып немесе тіркелген аккаунтыңызды растай алмайсыз

  • 29 Қараша 2017
  • 234
Фото - Caravan.kz

WhatsApp 2017 жылдың 31 желтоқсанынан кейін кейбір ескірген операциялық жүйелерде жұмыс істемейтін болды, деп хабарлады Tengrinews.kz мессенджердің баспасөз қызметінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Біз 2017 жылдың 31 желтоқсанынан BlackBerry ОС пен BlackBerry 10 смартфондарында, Windows Phone 8.0 жүйесінде, Nokia S40, 2.3.7 нұсқасы бар Android жүйесінде жұмыс істемейміз", — делінген хабарламада.

Мессенджер өкілдерінің айтуынша, жоғарыда көрсетілген платформаларда WhatsApp функциясын жетілдіре алатын мүмкіндіктер жоқ. Сондай-ақ, олар бұл платформалардың жақын арада жаңартылмауына байланысты онда WhatsApp-тың кейбір функцияларының кез келген уақытта істемей қалуы мүмкін екенін айтады.

Сонымен қатар, компанияның баспасөз қызметінлегілер ендігіде WhatsApp мессенджері Windows Phone 7, iPhone 3GS/iOS 6 және Nokia Symbian S60 платформаларында мүлде жұмыс істемейтінін еске салды. "Бұл телефондарда сіз жаңа аккаунт ашып немесе тіркелген аккаунтыңызды растай алмайсыз", — делінген хабарламада.


 

Соңғы жаңалықтар