WhatsApp-та енді жіберілген хабарламаны қайтарып алуға болады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WhatsApp-та енді жіберілген хабарламаны қайтарып алуға болады

WhatsApp-та енді жіберілген хабарламаны қайтарып алуға болады

WhatsApp-тың жаңа нұсқасы жіберілген хабарламаны редакциялауға және жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz. WhatsApp мессендже

  • 22 Желтоқсан 2016
  • 1217
Фото - Caravan.kz

WhatsApp-тың жаңа нұсқасы жіберілген хабарламаны редакциялауға және жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz.

WhatsApp мессенджерінің келесі нұсқаларында қолданушылар абайсызда немесе қателесіп жіберілген хабарламаларды өшіріп тастай алады.

WABetaInfo Twitter-шағын блогының мәліметінше, iOS арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында жіберілген хабарламаны редакциялауға (Edit) немесе қайтарып алуға (Revoke) мүмкіндік пайда болды.

WhatsApp-тағы жазбаларды бұрын да жоюға болатын, бірақ хабарламалар сол құрылғыда ғана өшіп, чаттың қалған қатысушыларында сақталып қалушы еді. Бір айта кетерлігі, мұндай жаңашылдық мессенджердің қарапайым нұсқасы үшін қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар