Ыстамбұлдағы түнгі клубқа шабуыл жасаған лаңкес ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстамбұлдағы түнгі клубқа шабуыл жасаған лаңкес ұсталды

Ыстамбұлдағы түнгі клубқа шабуыл жасаған лаңкес ұсталды

Ыстамбұлдың Ортакөй ауданындағы түнгі клубтардың бірінде атыс ұйымдастырып, 39 адамды жер жастандырған лаңкес ұсталды.

  • 17 Қаңтар 2017
  • 341
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы NTV Haber хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Арнайы операция жүргізген түрік полициясы лаңкесті Ыстамбұлдың Есенюрт ауданында тірідей қолға түсірген. «Әбу Мұхаммед әл-Хорасани» деген лақап атты жамылған Абдулгадир Машариповты құрықтау кезінде оның 4,5 жастағы ұлы да қасында болған.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл түні Ыстамбұлдағы «Рейна» түнгі клубына қарулы шабуыл жасалып, 39 адам құрбан болған еді. Лаңкес Калашников автоматынан оқ жаудырған.


Ал бұл шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алған болатын.

Соңғы жаңалықтар