Зайсандағы зілзаладан бүлінген үйлер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зайсандағы зілзаладан бүлінген үйлер бар

Зайсандағы зілзаладан бүлінген үйлер бар

Шығыс Қазақстанда орын алған қуатты жер сілкінісі біршама ауыл тұрғындарына шығын әкелген көрінеді. Мысалы Зайсан ауданының Дайыр ауылы

  • 5 Сәуiр 2017
  • 786
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстанда орын алған қуатты жер сілкінісі біршама ауыл тұрғындарына шығын әкелген көрінеді. Мысалы Зайсан ауданының Дайыр ауылы тұрғыны Айгүл Есергенова зілзаладан үйімнің сылақтары түсіп, қабырғасы жарылып қалды дейді. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Айгүл Боқайқызының айтуынша, ауылда қирап, құлап қалған үйлер жоқ. Бірақ, саман кірпіштен қаланған ескі үйлер аздап жарылып, сылақтары түсіп қалған.

«Біздікі де саман кірпіш үй.Сылақтары түсіп жарылды. Ауылда саман үйлер көп», — дейді ауыл тұрғыны.

Ал зардап шеккендер жайлы ешкім ештеңе естімепті.

Қазіргі кезде ауылдың барлық атқамінерлері ауданға кеткен. Ал түстен кейін арнайы комиссия шығып жағдайды бағамдамақ.

«1990 жылдары жер қатты сілкінді. Кешегі одан сәл төмендеу болғанын сездім. Бірақ дүрілдеп қатты естілді. Өзімде 6 бал шамасында шығар деп ойлап едім. Қорқып далаға жүгіріп шықтық. Тағы да қайталана ма деп түнімен ұйықтамадық»,- деді Айгүл Есергенова.


Еске сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысында күші 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 21:03-те тіркелген. Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 863 шақырым жерде болған. Зайсанда зілзала күші 6 балға жетсе, Өскемен тұрғындары 3-4 баллдық жер сілкінісін сезген.
 

Соңғы жаңалықтар