Зақаш Камалиденов қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зақаш Камалиденов қайтыс болды

Зақаш Камалиденов қайтыс болды

Алматыда бұрынғы Қазақ КСР-і Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) төрағасы Зақаш Камалиденов қайтыс болды. Онымен қоштасу рәсімі 10 мамырда Офицерлер үйінде өтеді.

  • 8 Мамыр 2017
  • 3336
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кенжеболат Бекназаров хабарлады. 

Зақаш Камалиденов 1936 жылдың 10 маусымында бұрынғы Гурьев (қазіргі Атырау) облысының Орпа ауылында дүниеге келген. Ол кеңес кезінде еліміздің партия және мемлекеттік қайраткері болды.  

1958-1960 жылдары — Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде жұмыс істеген.

1960-1970 жылдары — Жылыой аудандық комсомол комитетінің, Атырау облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ақтау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы. *1970-1979 жылдары — Атырау облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы; Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Ақмола облыстық комитетінің екінші хатшысы.

1979-1980 жылдары — КСРО МҚК аға инспекторы, Қазақ КСР МҚК төрағасының орынбасары.


1980-1982 жылдары — Қазақстан Коммунистік партиясы OK хатшысы.

1982-1985 жылдары- Қазақ КСР МҚК төрағасы.

1985-1988 жылдары — Қазақстан Коммунистік партиясы OK хатшысы.

1988-1989 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумыныңтөрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары.

1971-1990 жылдары — Қазақстан Коммунистік партиясы OK мүшесі.

1986-1989 жылдары — КОКП OK мүшелігіне кандидат. 11-ші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесіне, 8-11 шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланган.

2004 жылдан — «Мұнайшы» қоғамдық қоры қамқоршылық Кеңесінің мүшесі. Ленин, Октябрь Революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар