Жарияланды: 728

Жайнамазға теріс тұрып, намазды мазақ еткендер жұрттың ашуын келтірді

Жайнамазға теріс тұрып, намазды мазақ еткендер жұрттың ашуын келтірді]

Видеодан байқағанымыздай, оранған екі қыз жайнамазда ниет етіп тұрады. Осы кезде оның бірі рукуғ жасап еңкейеді де, сәждеге кері бағытта барады. Оның бұл әрекетінен бастапқыда алдыға емес, шалқалап еңкейгенін, жайнамазда теріс тұрғаны байқалады. Мұны көрген екінші қыз шошып, намазын тастай қашады. Әзілдемек болған адамның шын мәнінде қыз әлде жігіт екені белгісіз. Жігіттің қыз болып киінген болуы да мүмкін.

Ислам діні бойынша, әзілдеу былай тұрсын, намазда артық қимылдар жасауға тыйым салынады. Намаз оқу үстінде орынсыз күлуге, есінеуге, денесін қасуға, тіпті, намаздан басқаға ұйымай өзге дүниелер жайлы ойлауға болмайтыны айтылған.

Ғаламтор желісінде соңғы кездері осыған ұқсас өптеген видеолар шығып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]