Жамбыл обысында Конго-қырым безгегін жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл обысында Конго-қырым безгегін жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды

Жамбыл обысында Конго-қырым безгегін жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды

Жамбыл облысында  Конго-қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен Сарысу ауданының екі адамы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды аймақтық ТЖД.

  • 25 Шiлде 2016
  • 433
Фото - Caravan.kz


«19 және 20 шілде күндері Сарысу ауданының Саудакент ауылдық ауруханасына Конго-қырым безгегін жұқтырды деген күдікпен екі адам — 40 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел адам жатқызылды. Екеуінің де жағдайы тұрақты. Эпидемияға қарсы шаралар жасалуда» деді ведомствоның баспасөз қызметінен.  

Айта кетейік, сәуір айында кене шаққан Байзақ ауданының тұрғыны көз жұмған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, Байзақ ауданы осыған дейін Конго-қырым безгегінің ошағы бар аймаққа жатпаған, енді ол сондай аймақтарға жатқызылатын болады. Облыс бойынша Конго-қырым безгегінің ошағы Мойынқұм, Сарысу мен Талас аудандарында — 70 мың  адам тұратын 49 елді мекенде таралған болатын.

Соңғы жаңалықтар