Жан тебірентерлік көрініс: Астанада жігіттер үшінші қабаттағы терезеге шығып алған бүлдіршінді құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жан тебірентерлік көрініс: Астанада жігіттер үшінші қабаттағы терезеге шығып алған бүлдіршінді құтқарды

Жан тебірентерлік көрініс: Астанада жігіттер үшінші қабаттағы терезеге шығып алған бүлдіршінді құтқарды

Астанада жас жігіттер жоғары қабатта терезе алдына шығып алып отырған бүлдіршінді жерге түсірді.

  • 10 Тамыз 2017
  • 745
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиғаны көрші пәтердегі куәгер түсірген.

Желіге жүктеген қолданушы Лаура Хамытқожаеваның айтуынша, бұл кезде бүлдіршіннің ата-анасы үйінде болмаған. Жас бала терезе алдына өзі шығып алғанға ұқсайды. Жігіттер көлік үстіне шығып, бірі екіншісінен ұстанып, бүлдіршінді көтеріп жерге түсірді.

Желі қолданушылары жігіттердің әрекетіне сүйсінді. Олардың сауапты іс жасағанын айтып, алғысын білдіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар