Жарияланды: 90

Жан-Клод Ван Даммның ұлы есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды

Жан-Клод Ван Даммның ұлы есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды

АҚШ полициясы есірткі затын сақтады деген айыппен актер Жан-Клод Ван Даммның ұлын ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости TMZ порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, актердің кенже ұлы 21 жастағы Николас Ван Варенберг осы жексенбіде Аризона штаты Темпе қаласында ұсталды. Полиция оқиға орнына Варенбергтің көршілерінің қоңырауынан кейін барған.

Полициядағылар Варенбергтен және оның көршілерінен жауап алып, кейіннен кетіп қалған. Алайда 20 минуттан соң актердің ұлының көршісі тәртіп сақшыларының соңынан қуып жетіп, Николас Ван Варенбергтің оны пышақпен қорқытқанын айтқан.

Басылымның мәліметінше, полиция үйде тінту жұмыстарын жүргізіп, үйінен пышақ пен марихуана тапқан.
 

Пікір қалдырыңыз

[X]