Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме

  • 7 Қазан 2016
  • 2077
Фото - Caravan.kz

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы дүниеге келді, филология ғылымының кандидаты, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары — ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы — Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы", "Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы", "Қазақ тілі", "Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық", т.б. кітаптардың авторы. "Құрмет" орденімен, медальдармен марапатталған.

Осыған дейін ОҚО әкімі қызметінде Бейбіт Атамқұлов болған еді. Ол ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
болып тағайындалды
.
 

Соңғы жаңалықтар