Жапониядағы дәмханада маймылдар даяшы болып жұмыс істеп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапониядағы дәмханада маймылдар даяшы болып жұмыс істеп жүр

Жапониядағы дәмханада маймылдар даяшы болып жұмыс істеп жүр

Жапонияның Уцуномия қаласында Kayabuki bar деген дәмхана бар. Оның бір ерекшелігі, ол жерде даяшы болып маймылдар жұмыс істейді. Ең а

  • 18 Тамыз 2017
  • 400
Фото - Caravan.kz

Жапонияның Уцуномия қаласында Kayabuki bar деген дәмхана бар. Оның бір ерекшелігі, ол жерде даяшы болып маймылдар жұмыс істейді.

Ең алғаш «даяшы маймылды» дәмхананың қожайынына досы сыйға тартыпты. Кейін даяшылық қызметті меңгеріп алған маймыл, өзінен жасы кіші маймылдарға майлық таратуды үйрете бастапты.

Каору Оцуки дәмханасындағы бас даяшы — 17 жастағы Фуку-тян атты маймыл. Видеода маймыл келушілерге майлық пен сусындар таратып жүргенін көреміз. Фуку-тянды даяшылық қызметке Яччан үйреткен екен. Ол — осы дәмханаға келген ең алғашқы маймыл.

Қазір дәмхана қожайыны бірнеше маймылдың балаларын асырап отыр. Олар дәмхана келушілерімен фотоға түсіп, көңілдерін көтереді. Олар әзірге кішкентай болғандықтан, даяшылық жұмысты игере қоймаған.

«Мен күнделікті маймылдарды тамақтандырамын, ұйықтатамын. Олар отбасымның бір бөлшегіндей болып кетті», — дейді дәмхана қожайыны Оцуки.


Соңғы жаңалықтар