Жасыл экономика - ауқатты болашаққа апарар жол - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасыл экономика - ауқатты болашаққа апарар жол

Жасыл экономика - ауқатты болашаққа апарар жол

Қазіргі қоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады.Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

  • 7 Қараша 2017
  • 14324
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы осы жобаның елімізде не үшін қолданылып жатқанына тоқталады.

"Жасыл экономиканы" дамытуда Германия, Оңтүстік Корея мемлекеттері алдыңғы орында. Олар «жасылдануды» дамыту бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр. «Біз әлем елдерінің оң тәжірибелерін пайдаланамыз. Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты көптеген проблемалар бар. Күн сайын табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта ластанып жатыр. Сондықтан да адамзат үшін жасыл экономикаға көшу міндетті болып отыр. Балама қуат көздерін қолдану, тұрғындардың таза ауыз суды тұтынуы және өндіріс қалдықтарын қысқарту мақсаттарын жүзеге асыру барысында ауқымды жұмыстар бар. «Жасыл экономикаға» көшудің маңызды бір буыны – қоқыс өңдеу.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

«Жасыл» экономика (GEI) бойынша БҰҰ бастамасы 2008 жылы қаржы-экономикалық дағдарысқа жауап ретінде бастау алып, БҰҰ Бас хатшысы және БҰҰ жүйесі басшыларының Үйлестіру кеңесі ұсынған тоғыз Бірлескен дағдарыс бастамасының бірі болды. Сонымен бірге, басқа да бірқатар термин, мысалға «жасыл өсім» немесе «экономиканы көгалдандыру» сияқты өзара аламстыратын терминдер ретінде пайдаланылып, кеңінен таралған.

«Жаһандық жасыл жаңа бағыт» тұжырымдамасы 2009 жылы көптеген банктер мен кәсіпорындар банкротталып, ал миллиондаған адам жұмыссыз қалған кезде Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасымен (ЮНЕП) алға жылжытылды. Жаңа, озық кәсіпорындар құрып, деткілікті жұмыс орындары санын құру міндеті алға қойылды. «Жасыл» экономиканың маңызды мақсаты – эко жүйелердің маңыздылығын және ұлттық және жаөандық экономикалық өмірдегі орталық орнын түсіну болып табылады.
 

«Жасыл экономика» бойынша бастама үш басты принципке негізделген: Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі табиғи қызметтерді бағалау және алдыңғы қатарға шығару; «жасыл» жұмыс орындарын құру және сәйкес саясат қалыптастыру есебінен халықты жұмыспен қамту; тұрақты дасуға қол жеткізу үшін нарық тетіктерін пайдалану.
Халықаралық бастама өз жалғасын тапты, және Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу бойынша Тұжырымдама жасауды тапсырған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауымен қолға алынды.

2012 жылы өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі.

Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз.

«Жасыл» экономика дегеніміз не?

Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.

Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.

Соған қарамастан, адамдардың Жер экологиясына негативті әсері жалғасып және ол қайғылы одан қоса тұрақты салдарға жиі әкеліп жатыр. Адамдардың денсаулығы нашарлап, бұрын адам баласы естімеген ауруларға кезігіп, су және энергия ресурстартарының тапшылығы байқалып отыр.

Өкінішке орай, экология мәселелері және оның барлық аймақтар дамуына қандай қауіпті әсері болатындығын Қазақстанда өте жақсы біледі. Біздің ел кеңес кезінен бастап, Аралдың құрғап кетуі және Семей полигоны сияқты экологиялық мәселелерді бастан кешті. Адамдардың тікелей қатысуымен және су ресурстарын негізді қолданбауы салдарынан теңіз құрғап қалды.

Қызылорда облысының тұрғындары экологиялық баланстың бұзылуы салдарынан және негізсіз шаруашылық қызмет еткеннен, қорқынышты жайттарды өз бастарынан кешті.

Осы аталған мәселелерге қарамастан, Қазақстан әрқашан экологиясы жайлы ел деп саналатын, орасан зор территория өнеркәсіп аймақтарын бір-бірінен алыс орналастыруға мүмкіндік берді, сондықтан, олардың экологияға әсері сиректетіліп, соншалықты қауіпті болған жоқ. Бақытымызға орай, республикамызда әлі де адамзат қолы тимеген жерлер сақталған. Өнеркәсіптің даму қарқыны, еліміздің өсуі мен болжанған ресурстар тапшылығы, еліміздің Үкіметін, экологиялық мәселелерді жаңаша қарауға және Қазақстанды жасыл экономикаға өтуіне итермеледі.

Жасыл экономика бұл экономикалық теориядағы жаңа бағыттардың бірі. Ол табиғи ресурстарды «табиғи капитал» ретінде қарастырады. Осындай тәсіл, экономиканың табиғатпен байланысын және қолдану принциптерін өзгертеді де, ол мынадай шекті, қорландыру және табиғи ресурстарды жұмсау деген терминдерді анықтайды.

Шетел тәжірибесі не дейді?

Жалпы алғанда, осы бетбұрыс біздің елге қай жағынан және қалай пайда әкелетінін білу үшін, әрине, шетел тәжірибесіне үңіле көз жіберу маңызды. Бұл мәселеде түптеп келгенде ұтылудан ұту­дың көп екендігін алғаш болып Оңтүстік Корея дәлелдеді десек, артық айтқандық болмас. Бұл елде 2011 жылдан бері экономиканың «жасыл» секторын дамытуға 60 миллиард АҚШ долларын бағыттау жоспарланған болатын, осы ретте 1,8 млн. жұмыс орны ашылды. Оңтүстік Корея бүгіннің өзінде жыл сайын «жасыл» секторға ІЖӨ-нің 2%-ын инвестициялайды. Ұлттық стратегия шеңберінде жасыл өсім тұжырымдамасын алға қойып отырған елде негізінен үш элементке басты назар аударылады. Олар: өнеркәсіп, инвестиция және энергетика, сонымен қатар, тұщы судың баламалы көздеріне, қалдықтарды өңдейтін технологиялар мен парктердің дамуына мән береді. Ал АҚШ-та «жасыл» экономиканы дамытудың басты бағыты ретінде баламалы энергетиканы дамыту жолға қойылған. Кез келген әлемнің неғұрлым дамыған елдері «жасыл» экономика қағидаттарын ұстанады. Атап айтсақ, Моңғолия, Қытай сияқты елдер де басшылары жария ет­кен өршіл «жа­сыл экономика» жоспарларын жүзеге асыруда. Мысалы, Бразилияда топырақты күтіп ұстаудың, ауылшаруашылық өнімдерін жинаудың және жеткізу тізбегін басқарудың жетіл­дірілген жүйесі есебінен ауылшаруашылық жерлерін қалпына келтіру жүргізілді. Немістің Дортмунд қаласы кө­мір индустриясы орталығынан «Үшінші индустриялық төңкеріс» инфрақұрылымы бар жаңа «жасыл» сектор орталығына айналды.

Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы

2012 жылы Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

  • ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;
  • қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
  • қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
  • ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады (www.strategy.kz).

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

  • бірінші кезең — 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
  • екінші кезең — 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
  • үшінші кезең — 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

Жобаны іске асыру бағыттарына келетін болсақ, жоспар ашық түрде айқындалды.


Бірінші бағыт — жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы

Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:

  • жердің құнарлылығын басқару;
  • суды тиімді пайдалану;
  • өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;
  • фермаларды механикаландыру.

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру

Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.

Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономикасы» аясында түрлену ЖІӨ-ді қосымша үш пайызға арттырып, 500 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, өнеркәсіптің жаңа салаларын қалыптастырау, халыққа барлық жерде мір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Горизонт-2020» атты Еуроодақтың зерттеулер мен жаңа технологиялар арнайы бағдарламасының ұлттық координаторы Камила Мағзиева Caravan.kz берген сұхбатында жасыл экономикаға еліміз толыққанды дайын деп есептейді.

Камилла МағзиеваКамилла Мағзиева

— Қазақстан барлық құнды бұлақ-қайнарға бай керемет ел десем артық болмас. Мысалға, каучук неден жасалады? Бразилиялық гевеядан істеледі. Ал біздің елімізде оған альтернатива бола алатын нағыз көксағыз үлпілдек өседі. Көптеген зерттеулер оның жасанды каучуктың орнына пайдалануға тұрарлық табиғи өсімдік екенін дәлелдеді.

КөксағызКөксағыз

Бұл жаңа индустрия. Кім білер, мұнай ертең бітіп та қалуы мүмкін. Бітпесе де, оның қоршаған ортаны қаншалықты ластайтыны бәрімізге мәлім. Ал сол уақытта, біз осындай табиғи өсімдіктен таза өнімдер істеп, оны халықаралық нарыққа шығаруға мүмкіндігіміз бар. Мысалға, аталып өткен көк-сағыздан биопластик істеуге болады. Одан өз кезегінде автокөліктерге арналған дөңгелек шығара аламыз. Ең бастысы, пайдаланылған көксағыз утилизацияға ұшырай алады. Бір сөзбен айтқанда, осындай керемет табиғи өнімдер аяқ астымызда жатыр. Бізге тек оны байқап қана қоймай, жасыл экономика аясында жүзеге асыруға толыққанды мүмкіндігіміз бар, — деді Камила Магзиева.

Атқарылған ауқымды істер

Жоғарыда айтып өткеніміздей, дамудың «жасыл» жолына көшу барысында алға қойылған негізгі бағыттардың орындалу деңгейін атап көрсеткеніздей, бүгінгі күні ел үшін ресурстарды тиімді пайдаланатын жаңа инфрақұрылым құрудың бірегей мүмкіндігі туындап отыр. Атап айтатын болсақ, 2015 жылдан бастап БҰҰ ДБ-мен бірлескен «Төмен көміртекті дамыту үшін орнықты қалалар» жобасы іске асырылып келеді. Және де өткен жылы Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ ДБ-мен бірлесіп, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру және Қазақстан қалаларын көшелік жарықтандырудың техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу мақсатында «Энергетикалық тиім­­ді жарықтандыру» бағ­дар­ламасы шеңберінде Павлодар облысында 298 шамасында энергия үнемдейтін шамдар орнату бо­йынша екі қанатқақты жоба іске асырылғанын жеткізді.

Осылайша, көшелерді жарықтандыруды энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру еліміздің бар­лық қалаларында жүргізіліп жатыр. «Энергия үнем­деу-2020» бағдарламасы шеңберінде жер­гілікті атқарушы органдар бюд­жеттік энергоаудитін өткізуде. Бағдарламаның мақсаты энергия тұтынуды төмендету және отын-энер­гетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы елдің ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету және энергия тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады, дейді «Жасыл экономика» департаментінің басшысы Б.Дүйсенбайұлы.

Жекелеген жобаларға келетін болсақ, инвесторларды ынталандыру арқылы соңғы екі жылда Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін пайдалану нарығына ЖЭК-тің 25 нысаны іске қосылған. «Жасыл» экономикаға көшу жолында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл» экономикаға көшу жөнінде кеңес құрылғанын айта кеткен абзал. Сондай-ақ, еліміздің су ресурс­тарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы қабыл­данып, ол лайықты дең­гейде жүзеге асырылуда. Және де отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы бекітілді.

Ағымдағы жылы 28 сәуір­де Президент «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­намалық актілеріне Қазақ­стан Республикасының «жасыл» эко­номикаға көшу мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қо­йылды. Осы және басқа да іске асы­рылып жатқан шаралар елдің табиғи ресурстарын ұқыпты әрі ұтымды пайдалануға негіз болатыны хақ.

«Жасыл» экономиканы жол­ға қою мақсатындағы негізгі бағыттарға тоқталар болсақ, олар жаңғырмалы энергия көздерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғын­дағы энергия тиім­ділігі, ауыл шаруашы­лығындағы орга­никалық егін шаруашылығы, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру, «таза» көлікті дамыту, ауаның ластануын азайту болып табылады. Осы бағыттар бойынша қазіргі таңда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мысалы, 2020 жыл­ға дейін электр энергиясын өндірудегі газ электр стансаларының үлесін 20 пайызға дейін жеткізу жұмыстары бойынша алсақ, бүгінгі күннің өзінде бұл көрсеткіш 19,9 пайызды құрап отыр. Ал тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығындағы энергия тиімділігі мәсе­лесінде энергия тұтыну тиім­ділігін 2020 жылға қарай 25 пайызға азайту жөніндегі міндет айқын. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес 2013 жылы энергия тиімділігі 18,6 пайызды құрады. Ал қал­дық­тарды басқару жүйесін жетілдіру жұ­мыс­тарында да алға басушылық бай­қа­лады. Мысалы, Энергетика министрлігінде 2020 жылы ҚТҚ шығаруды 90%-ға, қоқысты санитарлық сақтауды 50%-ға, қалдықтарды өңдеу үлесі 10%-ға жеткізу міндеті тұр. Өткен жылғы нәтиже бойынша халықты ҚТҚ шығарумен жабу — 59%, қоқысты санитарлық сақтау — 11%, өңделген қалдықтар үлесі 40%-ды құрады. Алдағы төрт жылда қалған пайыздық көрсеткіштердің орындалатыны даусыз.

Сарапшылардың айтуы бойынша, «жасыл» экономиканың осы заманғы экономикалық жүйелерді тұрақтандыруға, қорларды тиім­ді қолдану арқылы адамның және табиғаттың арақатынасын теңгеруге мүмкіндігі көп. Кедей­шілік деңгейін төмендету, ха­лықтың денсаулығы көрсеткішін арттыру, қоршаған ортаны жақ­сарту арқылы «жасыл» экономика адам капиталының сапасын көтеріп Қазақстанның XXI ғасырда экономикалық және әлеуметтік тиімділігін, табысын тұрақтандырады және әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан елдің ішінде де, Орталық Азия өңірінде «жасыл» экономика принциптерін енгізу белсенді жүргізіліп келеді, деп есептейді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қоршаған орта жөніндегі Директоры Анжела Буларга.

Жасыл экономика негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар. Мамандардың айтуынша, «жасыл» экономиканы дамыту елімізге экологиялық дағдарыстан қашып құтылуға мүмкіндік береді.

«Жасыл экономикаға» көшудің негізі бағыттарының бірі энергетикалық аспект болып табылады. Қазақстанға ескірген техникалық парк құрадл-жабдықтары ме ехнологиялық желілерді жаңарту арқылы көмір мен көмірсутекті пайдалануды азайтуға қол жеткізу қажет.
 

Соңғы жаңалықтар