Жазасын өтегендерге "сотталған" деген анықтама берілмейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазасын өтегендерге "сотталған" деген анықтама берілмейтін болды

Жазасын өтегендерге "сотталған" деген анықтама берілмейтін болды

Қазақстанда азаматтардың соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама беру тәртібіне өзгерістер енгізілді.

  • 17 Қаңтар 2017
  • 1317
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Атырау облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев хабарлады, деп жазады atpress.kz.

— Өткен жылдың 15 желтоқсанында №816 Үкімет қаулысымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізілімінде бірқатар өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруге» ауыстырылды, — деді басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев. 

Яғни, енді жаңа өзгеріске сәйкес бұрын соттылығы болған азаматтан жазасын өтеп келгеннен кейін оның сотталғандығы туралы мәлімет алынып тасталады. Қылмыс жасағандығы туралы мәліметті жою үшін азамат тиісті жазасын өтеп келген соң жеке куәлігімен халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Сол жерде ол өтінішін толтырып, 3 минут ішінде соттылығы жоқ туралы анықтама құжат ала алады.  

— Кейбір мекемелер азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде олардан сотталмағандығы туралы анықтама әкелуді талап етеді. Бұл бұрын соттылығы болған азаматтардың наразылығын тудырып келген еді. Азаматтардың құқын қорғау мақсатында осы мәселе Бас прокуратурада қаралды. «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 13 бабына сәйкес, стандарт көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне қызметті енгізген күннен бастап үш айдың ішінде бекітіледі, — дейді Ж.Семғалиев. 


Осылайша, 2017 жылдың 2 тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соттылықтары жойылған немесе алынып тасталған азаматтар анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен ала алатын болды.

Соңғы жаңалықтар